Перейти к тексту документа

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Постановление · № 703 · принят 25.12.2009
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-49786/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Действует Постановление ·№ 703 ·25.12.2009
Редакция от 03.07.2010
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 03.07.2010. Это последняя редакция в корпусе.

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Действует Постановление ·№ 703 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
Наименование (каз.)
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
703
Дата принятия
25.12.2009
Показанная редакция
03.07.2010 · действующая AI49786_1.kaz
Последнее изменение
03.07.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09UO000085
Идентификатор ЭКБ
49786
Идентификатор редакции
AI49786_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:29

0 Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шардара ауданында тұратын Қазақстан Республикасының 1993 жылы туылған азаматтары 2009 жылғы қаңтар-наурыз аралығында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен тіркеуден өткізілсін.

2 2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу, есепке алу, олардың санын анықтау және ұйымдастыру үшін аудандық комиссия төмендегі құрамда құрылсын:

Қабылов Жумабек Наржанұлы
-Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Қарабеков Мейіржан Көпжанұлы
-аудан әкімі аппаратының жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Каттабеков Нұрлыбек Сырбекұлы
-Шардара аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);
Азтаев Қайрат Саттарұлы
-Шардара аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері (келісімі бойынша);
Батырова Есенай Абдурахманқызы
-Шардара аудандық емханасының мейірбикесі, комиссия хатшысы;

3 3. Қала және ауылдық округ әкімдері:

1 1) азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс жүргізуі үшін талаптарға сай келетін ғимараттармен қамтамасыз етсін;

2 2) шақыру учаскелеріне 1993 жылғы туылған азаматтарды тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын және әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуды, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуге көмек көрсетсін;

3 3) шақыру учаскелеріне тіркелу үшін аудандық, ауылдық тіркеу учаскелеріне азаматтардың шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

4 4. Қала, ауыл әкімдері осы қаулыға сәйкес шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2010 жылғы 10 сәуірге дейін аудан әкімі аппаратына тапсырсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Байтұрғановқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы Қабылов Жумабек Наржанұлы
25 желтоқсан 2009 ж.
Шардара аудандық емхана бастығы Сапаров Жұмабек Мизамидинұлы
25 желтоқсан 2009 ж.
Шардара аудандық ауруханасы бас дәрігерінің
міндетін атқарушы Абдраханова Гулнар Керімханқызы
25 желтоқсан 2009 ж.
Шардара аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Бекманов Ерлан Исабекұлы
25 желтоқсан 2009 ж.

Действующая