Перейти к тексту документа

Салық ставкаларын белгілеу туралы

Иной акт · № 191-IV · принят 23.12.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 14.12.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-50269/?version=50269_171496.kaz
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
Салық ставкаларын белгілеу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 191-IV ·23.12.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Салық ставкаларын белгілеу туралы

ҚАЗСалық ставкаларын белгілеу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 191-IV · принят 23.12.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Салық ставкаларын белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Салық ставкаларын белгілеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
191-IV
Дата принятия
23.12.2009
Показанная редакция
14.12.2010 · действующая 50269_171496.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
14.12.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09TF000093
Идентификатор ЭКБ
50269
Идентификатор редакции
50269_171496
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:38

0 Салық ставкаларын белгілеу туралы

Төртінші сайланған Индер аудандық мәслихатының ХХІ сессиясы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін талондардың құны мен қызмет түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып хронометраждық қадағалау негізінде № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3

3. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базаларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін талондардың құны қызмет түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, хронометраждық қадағалау негізінде № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы - депутат Бағдат Сапаров) тапсырылсын.

5

5. Аудандық мәслихаттың "Салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі № 152-ІV шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 4 тамыздағы № 4-6-86 санды реестіріне енгізілген, "Дендер" үнқағазының 2009 жылғы 20 тамыздағы № 34, 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 36 сандарында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

6 6. Шешім Индер аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

7 Индер аудандық мәслихатының

2009 жылғы 23 желтоқсандағы
ХХІ сессиясының № 191-ІV
шешіміне № 1 қосымша
Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері:

Тіркелген жиынтық салық салу нысаны
Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (теңге)
Айына
1
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
екі айлық есептік көрсеткіш
2
Ойын жолы
алты айлық есептік көрсеткіш
3
Карта
бес айлық есептік көрсеткіш
4
Бильярд үстелі
алты айлық есептік көрсеткіш

8 Индер аудандық мәслихатының

2009 жылғы 23 желтоқсандағы
ХХІ сессиясының № 191-ІV
шешіміне № 2 қосымша
Қызметi дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшiн талондардың құны:

Қызмет түрлері
Талонның құны
1
Газет және журналдар сату
30
2
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын сату
50
3
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату
100
4
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату
50
5
Жем сату
500
6
Балық сату
80
7
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі
200
8
Үй жануарларын бағу
200

9 Индер аудандық мәслихатының

2009 жылғы 23 желтоқсандағы
ХХІ сессиясының № 191-ІV
шешіміне № 3 қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базаларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін талондардың құны:

Қызмет түрлері
Талонның құны
1
Ойыншық, сувенир сату
100
2
Парфюмерия, косметика сату
100
3
Киiмдер мен аяқ-киiм сату
170
4
Шаруашылық тауарлары, ыдыс-аяқ, хрусталь сату
100
5
Кеңсе бұйымдарын сату
100
6
Ұсақ-түйек заттармен тағамдар сату
50
7
Ет сату
180
8
Жемiс-жидек, көкөніс сату
100
9
Сүт және сүт өнімдерін сату
60
10
Азық-түлік тағамдарын сату
180
11
Нан өнімдерін сату
100
12
Құрылыс заттарын сату
1000
13
Үй жиһаздарын сату
250