Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 2
- Дата принятия
- 06.01.2010
- Показанная редакция
- 06.01.2010 · действующая 50526_273839.kaz
- Последнее изменение
- 06.01.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10NO000122
- Идентификатор ЭКБ
- 50526
- Идентификатор редакции
- 50526_273839
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:22
0 Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.
2
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жоғарыда аталған кәсіпорынмен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алу ұсынылсын.
3 3. Еңбегіне ақы төлеу мөлшері жалақының 1,25 ең аз мөлшерінде белгіленсін. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу жергілікті бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылады.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Меңдіқара ауданы әкімдігінің
"Меңдіқара ауданының тұрғынүй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының директоры
______________ А. Гизбрехт
2010.01.06
"Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Н. Гулаков
2010.01.06
"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ С. Плотникова
2010.01.06