Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы
- Наименование (каз.)
- Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 22/04
- Дата принятия
- 22.12.2009
- Показанная редакция
- 22.12.2009 · действующая 50545_161719.kaz
- Последнее изменение
- 22.12.2009
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09KP000052
- Идентификатор ЭКБ
- 50545
- Идентификатор редакции
- 50545_161719
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:39
0 Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бап 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, Ұлытау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 21 тамыз күнгі N 02-342 санды ұсынысы негізінде Терсаққан селолық округінде мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез індеті шығуына байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Терсаққан селолық округі көлеміне ветеринариялық - санитариялық шектеу қойылсын.
2
2. Бруцеллез індетіне шалдыққан барлық жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 бұйрығымен бекітілген Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық - санитариялық және санитариялық - эпидемиологиялық Ережесінің талаптарына сәйкес жойылсын.