Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
ҚАЗСарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 1
- Дата принятия
- 18.01.2010
- Показанная редакция
- 05.03.2011 · действующая 50587_195295.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 05.03.2011
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DQ000081
- Идентификатор ЭКБ
- 50587
- Идентификатор редакции
- 50587_195295
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:17
0 Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.
2 2. Бұл қосымша шаралар бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім, әдет, дағдыларын алу мақсатында әзірленгені анықталып, 2010 жылы көрсетілетін болады.
3 3. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган – "Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О.Ш. Тертюбаев):
1 1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жоғарғы оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің түлектер арасында жастар практикасын жүргізу жұмыстарын ұйымдастырсын.
2 2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыруға келісім шарт жасасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Маманбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Сарқан ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 18 қаңтардағы
N 1 қаулысына
қосымша
Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шаралар белгілеу туралы
Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар, жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (бұдан әрі-жастар практикасы) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
2
2. Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатын жастар практикасын өткізеді.
3 3. Жастар практикасы меншік түрінен қарамастан кәсіпорындарында, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі-жұмыс беруші) ұйымдастырылады.
4 4. Жастар практикасын ұйымдастыру мен бақылауды бөлім жүргізеді.
2 2. Жастар практикасын ұйымдастыру
Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі: