Перейти к тексту документа

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Постановление · № 2 · принят 14.01.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-50649/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы Утратил силу Постановление ·№ 2 ·14.01.2010
Редакция от 11.11.2020
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 11.11.2020. Это последняя редакция в корпусе.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Утратил силу Постановление ·№ 2 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Наименование (каз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
2
Дата принятия
14.01.2010
Показанная редакция
11.11.2020 · действующая 50649_493614.kaz
Последнее изменение
11.11.2020
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10DL000140
Идентификатор ЭКБ
50649
Идентификатор редакции
50649_493614
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:19

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер: жылу, суық және ыстық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шығару сияқты - тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: айына электр қуаты 45 квт, айына 1 газ балонның құны, ал орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ үйлерде 1 тонна көмірдің құны 7000 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) төленуі қамтамасыз етілсін.

2 2. Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедек тұрғын үйдің не болмаса пәтердің иесі, яки оларды жалдаушы болуына қарамастан төленсін.

3

3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін, қатысушы немесе мүгедек "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С.Амандосов) қосымша жеңілдіктер бойынша соманы аударуға, жеке шотының нөмірін көрсете отырып, өтініш жазады. Өтінішіне қосымша жеке куәлігінің көшірмесі, Ұлы Отан соғысына қатысқаны немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылады.

4 4. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Мәдібеков) тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер төлеуді қаржыландыруды белгіленген нормалар шегіне сәйкес бөліну мәселесін шешсін.

5

5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 29 қаңтарындағы 2-12-100 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 13 ақпанындағы N 7 "Қаратал" газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 қаңтарындағы N 3 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, осы азаматтарға теңестірілгендердің материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Действующая