Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 177
- Дата принятия
- 12.02.2010
- Показанная редакция
- 02.03.2018 · действующая 50903_307431.kaz
- Последнее изменение
- 02.03.2018
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10CJ000122
- Идентификатор ЭКБ
- 50903
- Идентификатор редакции
- 50903_307431
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:03
0 Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы № 99 Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Темір ауданы бойынша тіркелген салықтың мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. «2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық мөлшерін бекіту туралы» Темір аудандық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 83 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 қаңтарда № 3-10-91 санымен тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда № 4-5 «Темір» газетінде жарияланған, «2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық мөлшерін бекіту туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 83 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Темір аудандық мәслихатының он төртінші сессиясының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 95 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 ақпанда № 3-10-97 санымен тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда № 10 «Темір» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
12 ақпандағы № 177 шешіміне
қосымша
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемелері
р/с
№
Салық салынатын объектілер
Тіркелген
салықтың
базалық мөлшерлемелері (айлық
есептік
көрсеткіштерде)
1
Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Бірнеше ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын жүргізу үшін қолданатын жеке компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3