Перейти к тексту документа

Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы

Постановление · № 49 · принят 26.02.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 22.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-50970/on/2026-08-22/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы Утратил силу Постановление ·№ 49 ·26.02.2010
Редакция от 12.01.2011
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 22.08.2026: от 12.01.2011. Это последняя редакция в корпусе.

Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 49 · по состоянию на 22.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
49
Дата принятия
26.02.2010
Показанная редакция
12.01.2011 · действующая 50970_194566.kaz
Последнее изменение
12.01.2011
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10DN000088
Идентификатор ЭКБ
50970
Идентификатор редакции
50970_194566
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:54

0 Көксу ауданыннда жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосыша шаралар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына және 2-тармағына, сондай-ақ осы Заңның 7-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес "Жастар практикасын" ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.

2 2. Бұл қосымша шаралар бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім, әдет, дағдыларын алу мақсатында әзірленгені анықталып, 2010 жылы көрсетілетін болады.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Көксу ауданы әкімдігінің

2010 жылдың 26 ақпандағы N 49
"Көксу ауданында жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шаралар белгілеу
туралы" қаулысына
қосымша
Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шаралар белгілеу туралы
Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына сәйкес бастапқы, орта және жоғары оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе алу, білім, білік, дағдыларын үйрену мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.

1 1. Жалпы ереже

1

1. Көксу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Уәкілетті орган) бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 23 жасқа дейінгі жұмыссыз жастармен (бұдан әрі – жұмыссыз жастар) жұмыс жүргізу (бұдан әрі – Жастар практикасы) тәртібін ұйымдастыруды білдіреді.

2 2. Жастар практикасы Көксу ауданында орналасқан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

3 3. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.

2 2. Жастар практикасын ұйымдастыру

4 4. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамту бойынша аудандағы өңірлік еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайға талдау жасау негізінде Жастар практикасын өткізуді ұйымдастырады.

Жастар практикасын ұйымдастыру кезеңінде келесі негізгі өлшемдер ескеріледі:

1 1) жұмыссыз жастардың саны және оның Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жалпы санынан үлесі;

2 2) жастар арасындағы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер санының өсуі;

3 3) жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша еш дағдысының болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.

5

5. Уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастыру үшін Жұмыс берушілерге ұсыныс беріп, хабарлама жібереді. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде іс тәжірибеге қабылданатын жұмыссыздардың шамалы санын немесе қатысудан бас тартқандығы туралы жауап береді. Жауап бермеу Жастар практикасына қатысудан бас тарту болып есептелінеді.

6 6. Уәкілетті орган бес күн ішінде тілек білдірген ұйымдармен жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі осы Тәртіптің мазмұнымен жастар практикасын өткізу туралы келісім жасайды.

7 7. Жұмыс берушілердің берген хабарламасы бойынша Уәкілетті орган талдау жасап, Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:

1 1) үміткерлер жұмыссыз ретінде Уәкілетті органда тіркеуде тұруы керек;

2 2) үміткерлердің кәсіптік білімі болуы керек;

3 3) Уәкілетті органның мәліметі бойынша Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде оларға лайықты жұмыстың болмауы.

8 8. Жұмыссыз жастардың жастар практикасына қатысуы Жастар практикасы басталған сәттен бастап он екі айлық кезеңде бір рет рұқсат етіледі және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртіппен жүзеге асырылады.

9 9. Уәкілетті орган Жастар практикасын жергілікті атқару органдарымен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа ұйымдармен бірлесе отырып ұйымдастырады.

10 10. Жұмыссыз жастарды Жастар практикасына қабылдау кезінде Жұмыс беруші оларды алты айдан аспайтын мерзімге жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрық шығарады және оған білікті тәлімгер-маман бекітеді. Бұйрықтың көшірмесін Уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде тапсырады.

11 11. Жұмыссыз жастарды жұмысқа қабылдау еңбек заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс беруші әр айдың 20-на Уәкілетті органға жұмыс уақытын есепке алу табелін тапсырады.

12 12. Жастар практикасына қатысушы заңға қайшы заң бұзушылық жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты бұзылады. Және бұл туралы Уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде хабарлануға тиіс.

13 13. Жастар практикасына тартылған жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуын Жұмыс беруші өз тарапынан қамтамасыз етеді.

3 Жастар практикасын қаржыландыру

14 14. Жастар практикасын қаржыландыру бюджет қаржысы есебінен "Еңбекпен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасы бойынша "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" 103 кіші бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

15 15. Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеуді Уәкілетті орган жұмыссыз жастармен жасалынған еңбек шарты негізінде нақты жұмыс атқарған уақыты үшін айына жиырма мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейді және олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

Действующая