Текелі қаласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Текелі қаласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Текелі қаласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 3
- Дата принятия
- 27.01.2010
- Показанная редакция
- 14.02.2025 · действующая I51013_1.kaz
- Последнее изменение
- 14.02.2025
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DC000077
- Идентификатор ЭКБ
- 51013
- Идентификатор редакции
- I51013_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:12
0 Текелі қаласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.
2 2. Бұл қосымша шаралар бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім, әдет, дағдыларын алу мақсатында әзірленгені анықталсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Текелі қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 27 қаңтардағы
"Текелі қаласында жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шаралар белгілеу
туралы" N 3 қаулысына
қосымша
Текелі қаласындағы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы
Текелі қаласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 13) тармақшасына сәйкес бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналасу және олардың практикалық тәжірибе алу, білім, білік, дағдыларын үйрену мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Текелі қаласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Уәкілетті орган) бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастармен (бұдан әрі-Жұмыссыз жастар) жұмыс жүргізу (бұдан әрі-Жастар практикасы) тәртібін ұйымдастыруды білдіреді.
2 2. Жастар практикасы Текелі қаласының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі-Жұмыс беруші) ұйымдастырылып өткізіледі.
3 3. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.
2 2. Жастар практикасын ұйымдастыру
4
4. Уәкілетті орган қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, болашақта даму, өндірісін кеңейту перспективалары және Жастар практикасынының қатысушыларын қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер (бұдан әрі ұйымдар) туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді. Бұдан қоса Уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастырудың және өткізудің шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат таратады, сонымен бірге жоғарыда аталған жұмыстың нәтижелері бойынша ұйымдарға Жастар практикасына қатысу жөнінде ұсыныс білдіріп, хабарлама жібереді. Ұйымның басшысы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде іс тәжірибеге қабылданатын жұмыссыздардың шамалы санын немесе қатысудан бас тартқандығы туралы жауап береді. Жауап бермеу Жастар практикасына қатысудан бас тарту болып есептелінеді.
5 5. Уәкілетті орган үш күн ішінде тілек білдірген ұйымдармен жастар практикасын өткізу туралы келісім жасайды.
6 6. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыз жастарға үміткерлер жұмыссыз ретінде Уәкілетті органға тіркеуге тұруы керек, үміткерлердің кәсіптік білімі және Жастар практикасынан өтуге келісімі болуы керек.
7 7. Уәкілетті органның мәліметі бойынша Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде жұмыссыз жастарға лайықты жұмыстың болмауы.
8 8. Уәкілетті орган жұмыссыз азаматты бекітілген нысандағы жолдамамен Жұмыс берушіге жібереді.
9 9. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешімді Жұмыс беруші қабылдайды. Жұмыс беруші жолдаманың жыртпалы талонын толтырып, Уәкілетті органның мекен-жайына жібереді.
10
10. Жұмы беруші жұмыссыздармен алты айдан аспайтын мерзімге еңбек шартын бекітеді және еңбек шартына еңбек ақы төлеу бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатындығы туралы норма енгізеді. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңына сәйкес жасалады, онда жастар практикасына қатысушы мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері көрсетілуі керек.
11 11. Жұмыссыздардың Жастар практикасына қатысуы Жастар практикасы басталған сәттен бастап 12 айлық кезеңде бір рет рұқсат беріледі және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектік тәртібімен жүзеге асырылады.
12 12. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешім қабылдау кезінде, жұмыс беруші жұмыссызды Жастар практикасына қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жұмыссыз еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде еңбек заңдарына сәйкес барлық құқықтарға ие болады және міндеттеме алады.
13
13. Жұмыссыздарды Жастар практикасы қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде, Жұмыс беруші Уәкілетті органға практикаға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді. Жастар практикасына қатысушыны қабылдаған жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін Уәкілетті органға жұмыс уақытында есепке алу табелін, атқарылған жұмысы жөнінде актісін ұсынады.