Перейти к тексту документа

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Постановление · № 70 · принят 23.02.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 28.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-51256/on/2026-08-28/
Напечатано 2026-08-28 · adilet.kz
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы Утратил силу Постановление ·№ 70 ·23.02.2010
Редакция от 16.10.2014
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 28.08.2026: от 16.10.2014. Это последняя редакция в корпусе.

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Утратил силу Постановление ·№ 70 · по состоянию на 28.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Наименование (каз.)
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
70
Дата принятия
23.02.2010
Показанная редакция
16.10.2014 · действующая AI51256_2.kaz
Последнее изменение
16.10.2014
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10ZG000103
Идентификатор ЭКБ
51256
Идентификатор редакции
AI51256_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:58

0 Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 18-1 баптарын басшылыққа алып, халықтың нысаналы топтары үшін, аудан ұйымдары мен мекеме, кәсіпорындардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарды ескеріп, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан бойынша 2010 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.

2

2. Нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (уәкілетті орган) заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген және аудан аймағында әрекет ететін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жеке және заңды тұлғалармен (жұмыс берушілер) жасалатын шарт негізінде жүзеге асырсын.

3 3. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылсын.

4

4. Аудан әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 13, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-7-21 нөмірімен тіркелген және 2006 жылғы 25 наурыздағы "Ауыл тынысы" газетінің N 12 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтың қатынастарға таратылады.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.

Действующая