Жанбай селолық округі Жанбай селосы Б. Момышұлы және Исатай көшелері бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жанбай селолық округі Жанбай селосы Б. Момышұлы және Исатай көшелері бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
- Наименование (каз.)
- Жанбай селолық округі Жанбай селосы Б. Момышұлы және Исатай көшелері бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 37
- Дата принятия
- 19.03.2010
- Показанная редакция
- 24.05.2010 · действующая 51584_176647.kaz
- Последнее изменение
- 24.05.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10TD000157
- Идентификатор ЭКБ
- 51584
- Идентификатор редакции
- 51584_176647
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:45
0 Жанбай селолық округі Жанбай селосы Б. Момышұлы және Исатай көшелері бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жанбай селолық округі Жанбай селосының Б. Момышұлы және Исатай көшелері тұрғындарының ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына екі ай мерзімге шектеу қойылсын.
2
2. Аудандық ветеринария бөліміне (М. Жағыпаров) ауданның барлық селолық округтерінде ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына "құтыру" ауруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу және аудандық аумақтық инспекциясымен бірлесіп (Х. Қабасов - келісім бойынша) екпе жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауға алып отыру ұсынылсын.
3 3. Аудандық орталық аурухана әкімшілігі (С. Айдаралиев - келісім бойынша) мен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Ө. Шакесова - келісім бойынша) ауру малды бағып-күткен тұрғындарды дәрігерлік байқаудан өткізіп, сақтандыру шарасын алу ұсынылсын.
4 4. Жанбай селолық округіне (Ә. Хайдаров) селолық округ аумағындағы ауру таратушы болып есептелетін бұралқы ит, мысықтарды жоюдың барлық шарасын алу, тұрғындар арасында сақтық, түсінік жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.
5 5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
6 6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ААИБ ____________ АСЭҚББ ___________ АЕБД_____________
Келісілді:
Аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
____________Х. Қабасов
17.03.2010 ж.
Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері___________С. Айдаралиев
17.03.2010 ж.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
____________Ө. Шакесова
17.03.2010 ж.