Перейти к тексту документа

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 118 · принят 25.03.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 23.02.2011
https://adilet.kz/ru/laws/doc-51587/?version=AI51587_1.kaz
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 118 ·25.03.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 118 · принят 25.03.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
118
Дата принятия
25.03.2010
Показанная редакция
23.02.2011 · действующая AI51587_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
23.02.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10VJ000096
Идентификатор ЭКБ
51587
Идентификатор редакции
AI51587_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:43

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-4) тармақшалары, 18-1 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі,  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (ары қарай-әлеуметтік жұмыс орындары).

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай мерзіміне дейін ұйымдастырылсын.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанынан тәуелсіз кәсіпорындарында, ұйымдарда және мекемелерде ұйымдастырылсын (ары қарай - жұмыс беруші қосымшаға сәйкес).

4 4. 2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің тізбесі бекітілсін (қосымша).

5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарының құрылуы жұмыс берушінің аудандық жергілікті атқарушы органдармен шарты негізінде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері, жұмыс өлшемі, еңбек ақының мөлшері мен жағдайы, мерзімі және қаржы көздері көрсетілуі тиіс.

6 6. Жұмыс берушінің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссызға төлейтін еңбекақы шығыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің елу пайызы ішінара тиісті жергілікті бюджет қаржысынан өтелсін.

7 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу кезек тәртібімен, түскен ресми ұсыныс шаралары бойынша жүргізілсін.

8

8. Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 192 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 1 шілде айында № 5-10-82 болып тіркелген), Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 100 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 15 маусым айында № 5-10-81 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылсын деп танылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың ТІЗБЕСІ

Жарма ауданы әкімдігінің
25 наурыздағы 2010 жылғы
№ 118 қаулысымен бекітілген
2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын
құратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

Жұмыс беру орындары
Саны
1
«Асқар» шаруа қожалығы
6
2
Жеке кәсіпкер «Жолумбетова М.М.»
1
3
«Серт» шаруа қожалығы
2
4
«Әділ» шаруа қожалығы
3
5
«Жуан-тобе» шаруа қожалығы
3
6
«Самал» шаруа қожалығы
1
7
«Райхан» шаруа қожалығы
2
8
«Диляра» шаруа қожалығы
2
Барлығы
20