Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы
ҚАЗАудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 52
- Дата принятия
- 03.03.2010
- Показанная редакция
- 03.03.2010 · действующая 51607_171885.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 03.03.2010
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10NF000110
- Идентификатор ЭКБ
- 51607
- Идентификатор редакции
- 51607_171885
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:51
0 Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының қатарына жататын тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру шараларын ескерсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ М. Тобағабылов
"Аманкелді ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
____________________ Ж. Сеилова
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Т. Карбозов
5 Әкімдіктің
2010 жылғы 3 наурыздағы
№ 52 қаулысына қосымша
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға
жататын тұлғалардың тізбесі
Табысы аз адамдар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының Заңдарына белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
ұзақ мерзім (он екі ай және одан астам) жұмыс істемеген адамдар;
50 және одан үлкен жастағы адамдар.