Перейти к тексту документа

Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Постановление · № 90 · принят 19.03.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 14.01.2011
https://adilet.kz/ru/laws/doc-51774/?version=51774_185665.kaz
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы Утратил силу Постановление ·№ 90 ·19.03.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

ҚАЗМүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Утратил силу Постановление ·№ 90 · принят 19.03.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Наименование (каз.)
Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
90
Дата принятия
19.03.2010
Показанная редакция
14.01.2011 · действующая 51774_185665.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
14.01.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10DI000101
Идентификатор ЭКБ
51774
Идентификатор редакции
51774_185665
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:45

0 Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 14-тармақшасын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын басшылыққа ала отырып, Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына көрсетілетін қосымша әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға тоқсан сайын 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қамтамасыз етілсін. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек, бала 18 жасқа толғанға дейін тағайындалып, төленеді.

2 2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Тілеуберген):

Мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілуін қамтамасыз етсін:
- өтініш берушінің жеке басының куәлігі;
- баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
- дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясында куәландырылғаны туралы актінің үзінді көшірмесі;
- облыстық психология-медицина-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиеленудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы;
- отбасы құрамын растайтын құжат, тоқсан сайын.

3 3. "Ескелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. Бейсекулова), үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалар үшін жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы көлемінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыруын жүргізсін;

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктеледі;

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.