Төлеби ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстаудың қағидасы туралы
ҚАЗТөлеби ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстаудың қағидасы туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Төлеби ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстаудың қағидасы туралы
- Наименование (каз.)
- Төлеби ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстаудың қағидасы туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 26/170-IV
- Дата принятия
- 19.03.2010
- Показанная редакция
- 27.03.2012 · действующая AI52074_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 27.03.2012
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10UM000069
- Идентификатор ЭКБ
- 52074
- Идентификатор редакции
- AI52074_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:44
0 Төлеби ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстаудың қағидасы туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-шы бабына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3, 311 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Төлеби ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстаудың қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Төлеби аудандық мәслихатының
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 26/170-ІV шешімімен бекітілген
Төлеби ауданының аумағындағы иттер мен мысықтарды күтіп ұстаудың қағидасы
1 1-тарау. Иттер мен мысықтарды күтіп ұстау
1
1. Иттер мен мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бір адамға тапсыру, құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген жануардың ветеринариялық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Тұрғындарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиісті иттердің барлық түрлері үш айлық жасынан, ал мысықтарға екі айлық жасынан бастап, құтырма, оба ауруына егуіне және паразитарлық ауруларға қарсы дегильментизация жасатуы тиіс.
2 2. Егер жануардың иесі заңды тұлға болған жағдайда, жануарды ұстауға жауапты адамды тағайындауы қажет.
3 3. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
1 1) бір ғана отбасында тұратын тұрғын үй-жайларда;
2 2) бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі аумағында ұстауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келісімімен);
3 3) мекемелерде, ұйымдарда, бақ шаруашылықтары мен саяжайларда, коммерциялық емес бірлестіктерде және орындарда иттерді байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауіпсіздік келтірмейтін және тыныштық сақталған жағдайда ұсталады.
Пәтерлерде иттер мен мысықтардың барлық түрлеріне арналған паналау орындарын ашуға рұқсат етілмейді. Ерекше жағдайларда, санитарлық-тұрмыстық талаптарды ескере отырып, тиісті ұйымдар мен қызметтерді қатыстыра отырып, пәтерлерде және басқа да коммуналдық нысандарда иттер мен мысықтарды, басқа да зоологиялық түрлері белгіленген саннан артық көлемде ұстауға рұқсат беруге, ұстауды шектеуге құқық беріледі.
4
4. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарда, үйдің шатырында, жертөлелерде, басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында (жеке тұрғын үй аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.
5
5. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда және оларға тиесілі аумақтарда жердің заңды иегерінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімен ұстауға болады. Иттер жақсылап қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдамауына ыңғайлап жасалынған аумақта ұсталуы тиіс.
Осы аумақта иттің барлығы жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметр көлеміндегі, иттің суреті бар "Ит күзетеді!" "Охраняется собакой!" ескерту қойылуы шарт.
6 6. Жеке тұрғын үйлер қорында гигиеналық-санитарлық және зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда саны екіден көп иттерді ұстауға рұқсат етіледі.
7 7. Тіркелмеген (есепке алынбаған) және жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген иттер мен мысықтарды ұстауға рұқсат етілмейді.
8 8. Иттер мен мысықтардың қатысуымен өткізілетін жарыстар, көрмелер және тағы басқа көпшілік шаралар санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық қадағалау өкілдерінің жазбаша келісімімен өткізіледі.
9 9. Иттер мен мысықтарды олардың терісін пайдалану, етін өңдеу, сату, тұтыну үшін өсіруге не болмаса аулауға рұқсат етілмейді.
2 2-тарау. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
Иелері итті серуенге шығарғанда келесі талаптарды орындауы тиіс: