Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Наименование (каз.)
- Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 156
- Дата принятия
- 14.04.2010
- Показанная редакция
- 14.04.2010 · действующая 52226_194622.kaz
- Последнее изменение
- 14.04.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DP000109
- Идентификатор ЭКБ
- 52226
- Идентификатор редакции
- 52226_194622
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:29
0 Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау" туралы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын әр отбасына қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тоқсанына, сол кездегі айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшері көлемінде тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.
2
2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне, немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін. Ал әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берген күннен бастап төленсін.
3
3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі /Азат Жапарұлы Жақыбай/ тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуінің немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған жеке шоттың нөмірі көрсетілген өтінішінің негізінде (екінші деңгейдегі банк немесе лицензиясы бар,осындай қызмет атқарылған мекемелер арқылы) мына төмендегі құжаттарды өткізген жағдайда әлеуметтік көмекті тоқсан сайын төленуін қамтамасыз етсін: