Перейти к тексту документа

Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Постановление · № 207 · принят 22.04.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 23.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-52663/on/2026-08-23/
Напечатано 2026-08-23 · adilet.kz
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы Утратил силу Постановление ·№ 207 ·22.04.2010
Редакция от 29.09.2011
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 23.08.2026: от 29.09.2011. Это последняя редакция в корпусе.

Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Утратил силу Постановление ·№ 207 · по состоянию на 23.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Наименование (каз.)
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
207
Дата принятия
22.04.2010
Показанная редакция
29.09.2011 · действующая AI52663_1.kaz
Последнее изменение
29.09.2011
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10VE000110
Идентификатор ЭКБ
52663
Идентификатор редакции
AI52663_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:19

0 Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, жастар іс-тәжірибесі түрінде, әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.

2 2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) Қатысушылардың «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелуі;

2 2) Қатысушылардың іріктеу кезеңіңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;

3 3) Жасы 29 жасқа дейін;

4 4) Жұмыс мерзімі 6 айға дейін.

3 3. Меншік түріне тәуелсіз ұйымдарға (бұдан әрі – Жұмыс беруші) Жұмыс беруші мен Бөлім арасындағы шарттың негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.

4 4. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс беруші мен жұмысқа қабылданған Қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.

5 5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру кезінде, Қатысушылардың еңбек ақысы:

1 1) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері үшін толық айға 1,2 ең төменгі жалақы;

2 2) жоғары оқу орындарының және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер үшін толық айға 1,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде жүргізіледі.

6 6. Еңбек ақы төлеу, қаражатты Бөліммен Қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылды.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

Действующая