Перейти к тексту документа

Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 07/02 · принят 23.04.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 29.10.2024
https://adilet.kz/ru/laws/doc-52859/?version=52859_727985.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 07/02 ·23.04.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗМақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 07/02 · принят 23.04.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
07/02
Дата принятия
23.04.2010
Показанная редакция
29.10.2024 · действующая 52859_727985.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
29.10.2024
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10KP000057
Идентификатор ЭКБ
52859
Идентификатор редакции
52859_727985
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:19

0 Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары мақсатты әлеуметтік топтар үшін ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғаларға жергілікті бюджет есебінен айлық төлем 20 мың теңге көлемінде бекітілсін.

4 4. "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Айтжанов Ж.А.) мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тапсырылсын.

5 5. "Ұлытау ауданының қаржы бөлімі" ММ (Шайхин Т.З.) 2010 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылған қаржылардан және облыстық бюджеттің нысаналы трансферттерінен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген мақсатты топтағы жұмыссыздардың еңбек ақысын қаржыландыруын қамтамасыз ету тапсырылсын.

6 6. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 05/03 санды қаулысының күші жойылсын.

7 7. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ә. Әбдікеровке жүктелсін.

8 8. Осы қаулы 2010 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.