Перейти к тексту документа

Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Постановление · № 53 · принят 04.05.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-53095/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы Утратил силу Постановление ·№ 53 ·04.05.2010
Редакция от 17.05.2024
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 17.05.2024. Это последняя редакция в корпусе.

Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Утратил силу Постановление ·№ 53 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Наименование (каз.)
Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
53
Дата принятия
04.05.2010
Показанная редакция
17.05.2024 · действующая I53095_1.kaz
Последнее изменение
17.05.2024
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10DF000072
Идентификатор ЭКБ
53095
Идентификатор редакции
I53095_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:14

0 Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытқан отбасыларына көрсетілетін қосымша әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға әр тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы толық қамтамасыз етілсін.

2

2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа алынған 18-ге толмаған мүгедек балаларға (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан және ата-ана құқығынан айырылған ата-ананың мүгедек балаларынан басқа) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнындағы адамға отбасының табысына қарамастан облыстық психологиялық-медициналық–педагогикалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәтінен бастап, бір жылға тағайындалсын.

3 3. "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Сқабаев).

мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілуін қамтамасыз етсін:
өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін тұрып қайту рұқсаты немесе оралман куәлігі;
мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының куәландырылған (белгіленген үлгідегі) анықтамасы;
отбасының құрамын растайтын тұрғылықты жерінің құжаты;
аудандық білім бөлімі жанындағы ведомство аралық психологиялық медициналық-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеуді немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы;

4 4. "Балқаш аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Халықов) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қарастырылғандай қаржы шегінде бөліну мәселесін шешсін.

5

5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 26 шілдедегі N 2-6-7 нөмірімен тіркелген, 2005 жылы 30 тамыздағы N 37-38 газетінде жарияланған, Балқаш аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 11 шілдедегі "Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмектер туралы" N 112 қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айдарбеков Есенгелді Айдарбекұлына жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Действующая