Перейти к тексту документа

Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету Ережелерін бекіту туралы

Положение · № 23-19 · принят 18.05.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-53441/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету Ережелерін бекіту туралы Утратил силу Положение ·№ 23-19 ·18.05.2010
Редакция от 16.05.2012
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 16.05.2012. Это последняя редакция в корпусе.

Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету Ережелерін бекіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 23-19 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету Ережелерін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету Ережелерін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
23-19
Дата принятия
18.05.2010
Дата введения в действие
28.07.2010
Показанная редакция
16.05.2012 · действующая AI53441_1.kaz
Последнее изменение
16.05.2012
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10GK000093
Идентификатор ЭКБ
53441
Идентификатор редакции
AI53441_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:09

0 Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету Ережелерін бекіту туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3, 300, 387-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабындағы, 1-тармағының, 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған;

1 1) Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережесі;

2 2) Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарында жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ЕРЕЖЕСІ

Шу аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 23-19 шешімімен бекітілген
Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі (әрі қарай - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және 387-бабына сәйкес әзірлеген және Шу ауданы елді мекендерің аумақтарын көріктендіру тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Ереже меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданады.

2 2. Шу ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру тәртібі

3 3. Аудан аумағындағы әрбір мекеме, ұйым және кәсіпорындарға (келісімдері бойынша) жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген жер аумақтарын жинау және тазалықта ұстау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

4 4. Көшелерді, тротуарларды, жасыл желектердің маңын, үй аралық жолдарды, саябақ, гүлбақтарды жинау, тазалықта ұстау және көріктендіру қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте мекемеге жүктеледі.

5 5. Аудан көлеміндегі басқа жер учаскелерін (стадиондар, базарлар, ашық автотұрақтар, ауыл шаруашылық жерлері тағы да басқалар) тазалықта ұстау сол жерлерді пайдалану құқығы бар азаматтарға, мекемелерге жүктеледі.

Құрылыс және күрделі немесе ағымдағы жөндеу объектілерінің аумағын жинап, тазалығын сақтауды, осы жұмыстарды жүргізіп жатқан құрылыс мекеме жүргізеді.

6 6. Тұрғын үй, қызмет, өндіріс ғимараттарының иелері мен пайдаланушылары осы ғимараттардың маңдайшаларын, нөмірлік белгілерін, көше көшеттерін ұқыпты ұстаулары тиіс.

7 7. Тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындарын ашу белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және басқа да тиісті органдармен келісілуі тиіс.

8 8. Хабарламалар, жарнамалар, құлақтандырулар осы мақсатқа белгіленген жерлерге ғана жапсырылуы тиіс.

9 9. Ғимараттардың, офистердің кіре берісіне, сауда орындарының, дүкендердің, павильиондардың алдына, саябақ пен гүлбақтарға, жаға-жайларға қоқыс салатын сауыттары орнатылады және олар қоқыстан уақытылы тазартылып тұруы тиіс.

10 10. Елді мекендердің аумақтарын көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау мақсатында жол берілмейді:

көшелерде, тротуарларда, көгалдарда қоқыстар жинауға;
көшелерге, су көздеріне, жасыл желектің маңына және де басқа көпшілік орындарға қоқысты, басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға;
жол бойында, тротуарларда су жүйесі құбырлары мен канализациялық құбырлар жүргізілген люктерді, құдықтарды қоршалмаған жағдайда ашық қалдыруға;
арық жүйелерін бұзу, қазылған жерлерді реттеп тегістемей, қалдырып кетуге.

3 3. Қорытынды ережелер

11 11. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

Действующая