Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережелерін бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережелерін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережелерін бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 35-5
- Дата принятия
- 18.06.2010
- Дата введения в действие
- 09.08.2010
- Показанная редакция
- 16.05.2012 · действующая AI53670_1.kaz
- Последнее изменение
- 16.05.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10GF000082
- Идентификатор ЭКБ
- 53670
- Идентификатор редакции
- AI53670_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:57
0 Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережелерін бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3, 300, 387-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабындағы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережесі бекітілсін.
2 2. Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі бекітілсін.
3 3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ЕРЕЖЕСІ
Меркі аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 18 маусымдағы
№ 35-5 шешімімен Бекітілген
Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі (әрі қарай - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және 387-бабына сәйкес әзірлеген және Меркі ауданының елді мекендерін, аумақтарын көріктендіру тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Ереже меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданады.
2 2. Меркі ауданы мекендерінің аумақтарын көріктендіру тәртібі
3. Аудан аумағындағы әрбір мекеме, ұйым және кәсіпорындарға (келісімдері бойынша) жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген жер аумақтарын жинау және тазалықта ұстау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
4 4. Көшелерді, тротуарларды, жасыл желектердің маңын, үй аралық жолдарды, саябақ, гүлбақтарды жинау, тазалықта ұстау және көріктендіру қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте мекемеге жүктеледі.
5 5. Аудан көлеміндегі басқа жер учаскелерін (стадиондар, базарлар, ашық автотұрақтар, ауыл шаруашылық жерлері тағы да басқалар) тазалықта ұстау сол жерлерді пайдалану құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
Құрылыс және күрделі немесе ағымдағы жөндеу объектілерінің аумағын жинап, тазалығын сақтауды, осы жұмыстарды жүргізіп жатқан мекеме жүргізеді.
6 6. Тұрғын үй, қызмет, өндіріс ғимараттарының иелері мен пайдаланушылары осы ғимараттардың маңдайшаларын, нөмірлік белгілерін, көше көшеттерін ұқыпты ұстаулары тиіс.
7 7. Тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындарын ашу белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және басқа да тиісті органдармен келісілуі тиіс.
8 8. Хабарламалар, жарнамалар, құлақтандырулар осы мақсатқа белгіленген жерлерге ғана жапсырылуы тиіс.
9 9. Ғимараттардың, офистердің кіре берісіне, сауда орындарының, дүкендердің, павильиондардың алдына, саябақ пен гүлбақтарға, жаға-жайларға қоқыс салатын сауыттары орнатылады және олар қоқыстан уақытылы тазартылып тұруы тиіс.
10 10. Елді мекендердің аумақтарын көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау мақсатында мыналарға жол берілмейді:
көшелерге, су көздеріне, жасыл желектің маңына және басқа көпшілік
орындарға қоқысты, басқа да өңдірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға;
жол бойында, тротуарларда су жүйесі құбырлары мен канализациялық құбырлар жүргізілген люктерді, құдықтарды қоршалмаған жағдайда ашық қалдыруға;
арық жүйелерін бұзу, қазылған жерлерді реттеп тегістемей, қалдырып кетуге.