Перейти к тексту документа

Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекенінде мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы

Постановление · № 134 · принят 15.07.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 22.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-53671/on/2026-08-22/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекенінде мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы Утратил силу Постановление ·№ 134 ·15.07.2010
Редакция от 20.09.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 22.08.2026: от 20.09.2010. Это последняя редакция в корпусе.

Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекенінде мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 134 · по состоянию на 22.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекенінде мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекенінде мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
134
Дата принятия
15.07.2010
Показанная редакция
20.09.2010 · действующая 53671_176285.kaz
Последнее изменение
20.09.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10TE000128
Идентификатор ЭКБ
53671
Идентификатор редакции
53671_176285
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 07:47

0 Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекенінде мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы

Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекенінде мүйізді ірі қара малының құтырып ауырғандығы туралы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 334 ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекеніне мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруымен ауырғандығына байланысты, шектеу белгіленсін.

2 2. "Кенбай" елді мекенінде аурудыңалдын алу және ауру ошағын жою үшін індетке қарсы төтенше комиссия (әрі қарай - комиссия) құрылып, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңында көрсетілген іс шаралар ұйымдастырылсын.

3 3. Аудандық ветеринария бөліміне (С. Латиев) жұқпалы аурудың ошағында және шектес елді мекендерде сақтандыру, алдын алу шараларын жүргізу мақсатында атқарылатын арнаулы жұмыстарды жедел жүзеге асыру жүктелсін.

4 4. Шектеу белгіленген "Кенбай" елді мекеніндегі бұралқы ит, мысықтармен күдікті жыртқыш аңдарды жою округ әкіміне (Қ. Қожахметов) міндеттелсін.

5 5. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г. Дәулетқалиева - келісім бойынша), аудандық орталық ауруханасына (С. Тайшыбай), ауру ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу, сақтандыру алдын алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

6

6. Аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (Ш. Бердешов - келісім бойынша) жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою және жою кезіндегі залалдарды өтеуге байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына сәйкесті жұмыстар ұйымдастыру ұсынылсын.

7 7. Шектеу белгіленген "Кенбай" елді мекені басынан мал мен мал өнімдерін, жем-шөп, шикізаттар шығаруға, алып келуге тиым салынсын және аталған шараларды қатаң бақылауға алу аудандық ішкі істер бөліміне (І. Хамзин - келісім бойынша) ұсынылсын.

8 8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мұқановқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

Действующая