«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 39-183
- Дата принятия
- 23.06.2010
- Показанная редакция
- 11.06.2012 · действующая 53685_193133.kaz
- Последнее изменение
- 11.06.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DG000105
- Идентификатор ЭКБ
- 53685
- Идентификатор редакции
- 53685_193133
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:56
0 ««Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2 тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы Ереже (қосымшада берілді) бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жамбыл аудандық мәслихаттың
2010 жылғы «23» маусымдағы
«Жамбыл ауданының Құрметті
Азаматы» атағын беру туралы
№ 39-183 шешіміне қосымша
«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы»
атағын беру туралы
ЕРЕЖЕ
4 1.Жалпы ережелер
1
1.«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын Жамбыл ауданының әкімдігі белгілейді. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімі бойынша беріледі. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру өте маңызды моралдық көтермелеу, ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына марапатталушының сіңірген ерекше еңбегін бағалау болып табылады. «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атағын берудің мақсаты еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін Жамбыл ауданының тарихында сақтау болып табылады.