Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Утратил силу
Постановление
·№ 09
·
по состоянию на 23.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
- Наименование (каз.)
- Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 09
- Дата принятия
- 28.07.2010
- Показанная редакция
- 01.03.2012 · действующая 54088_214912.kaz
- Последнее изменение
- 01.03.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10VF000114
- Идентификатор ЭКБ
- 54088
- Идентификатор редакции
- 54088_214912
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:41
0 Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)- тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8-баптарына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар:
1 1) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім түлектері санынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру;
2 2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жолымен қабылдансын.
2 2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1 1) нысаналы топтарға жататын және «Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген Қатысушыларды жұмысқа жолдау;
2 2) Қатысушылардың олар үшін лайықты жұмыс таңдау кезеңінде жоқ болуы;
3 3) түлектің жасы 29 жасқа дейін;
4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
3 3. Жұмысқа орналастыру меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс берушілер) Жұмыс берушілердің Бөліммен шартының негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері болу керек.