Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы
- Наименование (каз.)
- Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 677
- Дата принятия
- 11.10.2010
- Показанная редакция
- 03.04.2012 · действующая 55365_215972.kaz
- Последнее изменение
- 03.04.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10LA000153
- Идентификатор ЭКБ
- 55365
- Идентификатор редакции
- 55365_215972
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:11
0 Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 20 шілдедегі N 6/3 және 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 7/1 ұйғарымдары негізінде ШЕШЕМІН:
1 1. Тасбөгет кентіндегі Жұмабай Әбенов көшесіне дейінгі Абай тұйығы – еңбек ардагері, "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталған Қалмұрат Ешмаханов есімімен;
Тасбөгет кентіндегі Жұмабай Әбенов көшесінен кейінгі Абай көшесі мен Абай тұйығы деп аталып келген тұйық көше – еңбек ардагері, "Құрмет белгісі" ордені, "Еңбектегі ерлігі үшін", В.И.Лениннің 100 жылдығы юбилейлік медальдарына ие болған Мәді Әбдірамановтың есімімен;
Тасбөгет кентіндегі Юрий Гагарин көшесі – еңбек ардагері, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі, Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегері Сартай Мыхановтың есімімен қайта аталсын.