Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату үшін әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларды белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату үшін әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларды белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату үшін әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларды белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 29-951
- Дата принятия
- 25.10.2010
- Показанная редакция
- 08.12.2014 · действующая AI55567_1.kaz
- Последнее изменение
- 08.12.2014
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DA000131
- Идентификатор ЭКБ
- 55567
- Идентификатор редакции
- AI55567_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:05
0 Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату үшін әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2-тармақшасына сәйкес және Алматы облысы әкімдігінің 2005 жылғы 27 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшектеп сатудың ережелерін бекіту туралы" N 228 қаулысын (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 2 желтоқсанда тіркелген нөмірі 1952) орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату үшін әдейі бөлінген тұрақты үй-жайлар және олардың орналасқан жерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қарашадағы "Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасы үшін арнайы стационарлық орындарды белгілеу туралы" N 30-1093 қаулысының (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 16 қарашада тіркелген нөмірі 2-1-31) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Көлбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қала әкімдігінің 2010 жылғы
25 қазандағы "Эротикалық
сипаттағы материалдар
жариялайтын мерзімді
баспасөз басылымдарын
бөлшек саудада сату үшін
әдейі бөлінген тұрақты
үй-жайларды белгілеу туралы"
N 29-951 қаулысына
қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз
басылымдарын бөлшек саудада сату үшін әдейі бөлінген тұрақты
үй-жайлар және олардың орналасқан жерлері
"Қазпошта" акционерлік
қоғамының Алматы облыстық
филиалының Талдықорған
қаласындағы N 5 пошта
байланысының бөлімшесі
"Мүшелтой" шағын ауданы N 25 үй
"Қазпошта" акционерлік қоғамының
Алматы облыстық филиалының
Талдықорған қаласындағы
N 8 пошта байланысының бөлімшесі
Біржан сал көшесі N 89 үй
"Қазпошта" акционерлік қоғамының
Алматы облыстық филиалының
Талдықорған қаласындағы
N 9 пошта байланысының бөлімшесі
"Жетісу" шағын ауданы N 33 үй
"Қазпошта" акционерлік қоғамының
Алматы облыстық филиалының
Талдықорған қаласындағы N 10 пошта
байланысының бөлімшесі
"Жастар" шағын ауданы N 13 үй
N 2 "Гелиос" жанар-жағар май құю станциясы
Алматы-Талдықорған тасжолының 4 шақырымы