Перейти к тексту документа

Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

Положение · № 25-4/3 · принят 02.11.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-55795/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы Утратил силу Положение ·№ 25-4/3 ·02.11.2010
Редакция от 06.06.2012
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 06.06.2012. Это последняя редакция в корпусе.

Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 25-4/3 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
25-4/3
Дата принятия
02.11.2010
Показанная редакция
06.06.2012 · действующая AI55795_1.kaz
Последнее изменение
06.06.2012
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10VO000076
Идентификатор ЭКБ
55795
Идентификатор редакции
AI55795_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 07:02

0 Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының  8) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі І. Жалпы ережелер

Көкпекті аудандық мәслихатының
2010 жылғы 2 қарашадағы
№ 25-4/3 шешімімен бекітілді
Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
Ережесі І. Жалпы ережелер

1

1. Осы Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 ІІ. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібі

2. Осы Ереженің күші Көкпекті аудандағы жеке және басқадай меншігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.
ІІ. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібі

3 3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық - гигиеналық, ветеринарлық - санитарлық талаптар мен осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:

бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда;
бірнеше жанұялар тұратын пәтерде, тек өзі тұратын тұрғын үй көлемінде (пәтерде тұратын барлығының жазбаша келісімімен);
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, бағбандық және саяжайлық бірлестіктердің аумағында, демалыс базаларында иттерді байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгі уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшін қауіп төндіру мүмкіндіктерін болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет. Аумаққа кіреберісте тиісті жазу жазылған ескерту кестесін қамтамасыз ету қажет.

4

4. Барлық иттер мен мысықтар оларды иелері сатып алған сәттен бастап тіркеуге және вакцинациялауға жатады. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде иелеріне тиісті уәкілетті мемлекеттік орган – өз өкілеті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы ветеринарлық төлқұжат береді.

5

5. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтар бөліктерінде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда жеке (тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға рұқсат етілмейді.

6 6. Иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға рұқсат етілмейді.

7 7. Иттерді таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге рұқсат етілмейді.

8 8. Тұрғындарға жануарларды аулаумен айналасатын ұйымдарға өзінің аумағында бұралқы иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау ұсынылады.

9 9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарла, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иесіз жүрген иттер, иесі байлап кеткендерден басқасы, қараусыз деп есептеледі және қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын тиісті ұйымдардың аулауына жатады.

10 10. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергілікті атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйым жүзеге асырады.

11 11. Серуендетуге рұқсат беріледі:

1 1) айналасындағыларға мазасыздық және кедергі тудырмай, аумақтың санитарлық жағдайын сақтағанда тұмылдырық кигізілген (сәндік тұқымды иттерден басқалары) және қысқа баудағы иттерді;

2 2) қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иттерді.

12 12. Иттерді серуендетуге тыйым салынады:

1 1) балалар ауласында және спорттық алаңқайларда, қалалық жағажайларда, мектепке дейінгі балалар және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және басқа қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;

2 ІІІ. Қорытынды ережелер

2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық іс-шаралар өтетін жерлерде адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстарды орындайтын қызметтік иттерді және көзі нашар көретін адамдар үшін жетектеуші иттерді қоспағанда.
ІІІ. Қорытынды ережелер

13 13. Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

14 14. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Действующая