Перейти к тексту документа

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Постановление · № 410 · принят 19.02.2007
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 27.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-56326/on/2026-08-27/
Напечатано 2026-08-27 · adilet.kz
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы Утратил силу Постановление ·№ 410 ·19.02.2007
Редакция от 18.06.2014
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 27.08.2026: от 18.06.2014. Это последняя редакция в корпусе.

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Утратил силу Постановление ·№ 410 · по состоянию на 27.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Наименование (каз.)
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
410
Дата принятия
19.02.2007
Показанная редакция
18.06.2014 · действующая AI56326_2.kaz
Последнее изменение
18.06.2014
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V07DH000049
Идентификатор ЭКБ
56326
Идентификатор редакции
AI56326_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:03

0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын, басшылыққа ала отырып, аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына айлық есептік көрсеткіштің 8 (сегіз) есе еселенген мөлшерінде әр мүгедек балаға 18 (он сегіз) жасқа толғанға дейін төленетін қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2

2. Әлеуметтік көмек мүгедек баланың ата-анасының біреуінің немесе олардың орнындағы адамның өтініші бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған қорытындысында көрсетілген оқу немесе тәрбие мерзімі бойынша тағайындалып тоқсан сайын төленеді.

3

3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Аңсатбай Мұратбай) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді ата-анасының біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, мүгедек балалардың тұрғылықты жердегі әлеуметтік көмекті төлеу ұйымдарында алушының ашылған шотының нөмірін көрсетуге және төмендегі құжаттарды тапсыруына сәйкес қамтамасыз етсін.

1 1) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

2 2) дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясында куәландырылғаны туралы құжаттың көшірмесі;

3 3) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы;

4 4) отбасының мекен-жайы мен құрамын растайтын немесе үйде оқитындығы жайлы анықтама-тоқсан сайын.

4 4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қала, село округ әкімдері мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшері туралы халық арасында түсініктеме жұмыстарын қамтамасыз етсін.

5 5. Аудандық қаржы бөлімі (Белесаров Нұрлан Өскенұлы) мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қаралған қаржы шегінде қаржы жоспарында көрсетілген көлемде қамтамасыз етсін.

6

6. Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 30 мамырында N 2-8-38 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымындағы N 25 "Еңбекшіқазақ" газетінде жарияланған, Еңбекшіқазақ ауданы әкімиятының 2006 жылдың 2 мамырындағы N 1214 "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Лысенко Владимир Петровичке жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.

Действующая