Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 12-324
- Дата принятия
- 30.12.2010
- Показанная редакция
- 23.11.2011 · действующая 56765_185459.kaz
- Последнее изменение
- 23.11.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DE000139
- Идентификатор ЭКБ
- 56765
- Идентификатор редакции
- 56765_185459
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:21
0 Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабының 5-4 тармақшасына, 18-1 бабына және "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі айқындалсын.
2 2. "Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен келісім шартқа отыруға, уәкілетті болып табылсын.
3 3. "Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тәшім Жазыбекұлы):
1 1) уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуге жүзеге асырсын.
2 2) осы мақсатқа, әр жылға арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің жұыссыздардың еңбегіне төленген шығынының ішінара төлемін өтесін.
3 3) төленетін өтемақы екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
4
4. Алакөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 4-368 қаулысы (Алакөл аудандық Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі тіркелген нөмірі 2-5-43) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.
10 Алакөл аудан әкімдігінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
"Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру" туралы
N 12-324 Қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібі