Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
- Наименование (каз.)
- Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 49
- Дата принятия
- 15.12.2010
- Показанная редакция
- 06.12.2011 · действующая 56829_212525.kaz
- Последнее изменение
- 06.12.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10LI000183
- Идентификатор ЭКБ
- 56829
- Идентификатор редакции
- 56829_212525
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:39
0 Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
1 1. Шиелі ауданы бойынша 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде әскери есепке тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
2 2. Тіркеу жұмысын жүргізу үшін аудандық шақыру учаскесіндегі тіркеу комиссиясы (әрі қарай – комиссия) құрылсын және оның құрамы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Аудандық шақыру учаскесінде есепке тіркеу комиссиясына жұмыс барысын және күн тәртібін айқындау ұсынылсын.
4 4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
1 1) Әскери есепке тіркеу үшін шақырылу учаскесінен өтетін азаматтардың денсаулығын куәландыруға дәрігерлер мен аяжандармен қамтамасыз ету;
2 2) Әскери есепке тіркелуге шақыру өткiзудi бастар алдында жергiлiктi әскери басқару органдарының сұрау салуы бойынша стационарлық емдеудегi және диспансерлiк есепте тұрған әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылар туралы мәлiметтердi хабарлау.
5 5. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласатын қажетті адам санын бөлу тапсырылсын.
6 6. "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеуге алу кезінде іздеу салу тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталуды қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді бөлу ұсынылсын.
7
7. Шиелі ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Шиелі ауданы бойынша он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке алу туралы" N 40 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 22 қаңтарда N 10-9-106 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 15-16/7745-46/ санды шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
8 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
9 9. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
12 2010 жылғы "15" желтоқсандағы
N 49 шешіміне 1-қосымша
Аудандық тіркеу жөніндегі комиссиясының құрамы
Нурхожин Даулеткали Ергалиевич
- "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Әбіш Маханбет Елтайұлы
- "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бақылау және кадр жұмысы бөлімінің
бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Сатжанов Алтынбек Ақбердіұлы
- "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары полиция майоры (келісім бойынша);
Абитбаева Нұргүл Оралқызы
- Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер кабинетінің дәрігері, медициналық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша);
Икматова Гүлбарам Тұрарқызы
- Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).