Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
ҚАЗЖұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
- Наименование (каз.)
- Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 794
- Дата принятия
- 31.12.2010
- Показанная редакция
- 06.02.2012 · действующая AI56836_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 06.02.2012
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10UO000110
- Идентификатор ЭКБ
- 56836
- Идентификатор редакции
- AI56836_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:18
0 Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Ілесов) бекітілген тізбеге сәйкес 2011 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Бердешовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Шардара ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 794 қаулысымен бекітілген
2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері
мен көлемі, ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам
1
Қала, ауыл әкімі аппараты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі
Қала және ауылдарды, елді-мекендерді көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары
390
2
Аудан әкімі аппараты, аудандық білім бөлімі, аудан мектептері
Іс-қағаздарын жүргізуге, мекеме ғимараты аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары
10
3
Аудандағы ауылшаруашылығы құрылымдарына
Шегірткеге және өртке қарсы күрес қоғамдық жұмыстары
30
4
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық ішкі істер және аудандық қорғаныс істері бөлімі, Шардара аудандық соты
Іс-құжаттарын жүргізуге, мәліметтерді бағдарламаға енгізу, қоғамдық тәртіпті сақтау, әскер қатарына шақыру қағаздарын толтыру, тарату жұмыстарына жәрдемдесу
30
5
Шардара аудандық әділет басқармасы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу
5
6
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Шардара аудандық бөлімшесі
Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу, іс-қағаздарын толтыру жұмыстарына жәрдемдесу
4
7
Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы филиалы
Көгалдандыру,көріктендіру, мұражайға материалдарды топтастыруға жәрдемдесу
6
Барлығы:
475
Ескерту: Қоғамдық жұмысшылардың жалақысы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, жалақының ең төменгі мөлшері көлемінен кем емес төленсін.