Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы
- Наименование (каз.)
- Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 213
- Дата принятия
- 15.12.2010
- Показанная редакция
- 15.12.2010 · действующая 57050_194572.kaz
- Последнее изменение
- 15.12.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DA000136
- Идентификатор ЭКБ
- 57050
- Идентификатор редакции
- 57050_194572
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:39
0 Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5)-тармақшаларына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Талдықорған қаласы солтүстік-батыс тұрғын ауданындағы атауы жоқ көшелеріне келесі жер-су атаулары берілсін:
бірінші көшеге Ойсаз атауы;
екінші көшеге Ақжар атауы;
үшінші көшеге Көктұма атауы;
төртінші көшеге Ащысай атауы;
бесінші көшеге Бесағаш атауы;
алтыншы көшеге Балдырған атауы.
2 2. Талдықорған қаласы оңтүстік-шығыс тұрғын ауданындағы атауы жоқ көшелеріне келесі жер-су атаулары берілсін:
бірінші көшеге Бесқайнар атауы;
екінші көшеге Бесіктас атауы;
үшінші көшеге Бозтоған атауы;
төртінші көшеге Еңбекші атауы;
бесінші көшеге Жаңа жол атауы;
алтыншы көшеге Талдықорған шұғыласы атауы;
жетінші көшеге Жетісу өрнегі атауы;
сегізінші көшеге Жетіген атауы;
тоғызыншы көшеге Жетісу сазы атауы;
оныншы көшеге Жоламан атауы;
он бірінші көшеге Көкжазық атауы;
он екінші көшеге Ақжазық атауы;
он үшінші көшеге Гүлдәурен атауы.
3 3. Талдықорған қаласының келесі көшелерінің аттары өзгертілсін:
Заводская көшесі Үшбұлақ көшесі атауына;
Ворошилов көшесі Шапағат көшесі атауына;
Юбилейный көшесі Жиделі көшесі атауына;
Интернациональный көшесі Талдыбұлақ көшесі атауына;
Аманжолов көшесі Ардагер көшесі атауына;
Дружба көшесі Сарыбел көшесі атауына;
Алмалы көшесі Сарытау көшесі атауына.