Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
ҚАЗШардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 46-348-IV
- Дата принятия
- 09.08.2011
- Показанная редакция
- 12.06.2012 · действующая AI60414_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 12.06.2012
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V11UO000119
- Идентификатор ЭКБ
- 60414
- Идентификатор редакции
- AI60414_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 04:49
0 Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шардара аудандық мәслихатының
2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 46-348-ІV шешімімен бекітілген
Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы
1 1. Жалпы қағидалар
1
1. Осы Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібін белгілейді.