Перейти к тексту документа

Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Постановление · № 117 · принят 21.06.2012
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 03.09.2014
https://adilet.kz/ru/laws/doc-66767/?version=66767_192049.kaz
Напечатано 2026-08-28 · adilet.kz
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы Утратил силу Постановление ·№ 117 ·21.06.2012
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗҮйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Утратил силу Постановление ·№ 117 · принят 21.06.2012

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
117
Дата принятия
21.06.2012
Показанная редакция
03.09.2014 · действующая 66767_192049.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
03.09.2014
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V12BO000183
Идентификатор ЭКБ
66767
Идентификатор редакции
66767_192049
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 01:58

0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, Қорғалжын аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға тоқсан сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.