Перейти к тексту документа

Май ауданының білім беру бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Постановление · № 201/7 · принят 05.07.2012
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 22.11.2012
https://adilet.kz/ru/laws/doc-66769/?version=66769_192252.kaz
Напечатано 2026-08-25 · adilet.kz
Май ауданының білім беру бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 201/7 ·05.07.2012
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Май ауданының білім беру бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

ҚАЗМай ауданының білім беру бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 201/7 · принят 05.07.2012

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Май ауданының білім беру бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Май ауданының білім беру бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
201/7
Дата принятия
05.07.2012
Показанная редакция
22.11.2012 · действующая 66769_192252.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
22.11.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V12PJ000132
Идентификатор ЭКБ
66769
Идентификатор редакции
66769_192252
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 01:51

0 Май ауданының білім беру бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" № 745 қаулысына сәйкес Май ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттiк қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Е. Ахамбаевқа жүктелсiн.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет РЕГЛАМЕНТІ

Май ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 5 шілдедегі
№ 201/7 қаулысымен
бекітілген
"Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды
ресімдеу" мемлекеттік қызмет РЕГЛАМЕНТІ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік қызметтің атауы: "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу".

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 140 қаулысымен бекітілген "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" стандарты негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі - стандарт).

4 4. Мемлекеттік қызмет "Май ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тегін көрсетіледі (бұдан әрі - білім бөлімі).

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орны: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі - 32, телефон 91770, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін демалыс күндері – сенбі, жексенбі; электрондық пошта мекенжайы raioo@mail.ru.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқтау нысаны стандарттың 3-қосымшасына сәйкес жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу (бұдан әрі - үзінді көшірме) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.

6

6. Тұтынушы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды. Өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды. Өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсетілу тәртібі: кіріс өтініші кіріс журналының хат - хабарында өтініш түскен күннен бастап тіркеледі (азаматтардың жазбаша арыздары) және стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде қаралады. Құжаттар пакеті толық тапсырылғаннан кейін тұтынушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген талон беріледі.

8 8. Беріліп отырған мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға стандарттың 11-тармағында белгіленген тізімдегі құжаттарды тапсыру қажет.

9 9. Тұтынушы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттардың біреуін тапсырмаған жағдайда, білім бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тартуы мүмкін.

10 10. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: тұтынушының құжаттырының қорғалуы және ақпараттын құпия сақталуы қамтамасыз етіледі.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ):

1 1) бала құқығын қорғау бойынша маманы;

2 2) қорғаншылық және қамқоршылық Кеңесі;

3 3) білім бөлімінің бастығы.

12 12. Осы регламенттің 1-қосымшасында ҚФБ іс-әрекетінің реті көрсетілген.

13 13. Осы регламенттің 2-қосымшасында іс-әрекеттің логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланысын көрсетілетін сызба келтірілген.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген жауапкершілік жүктеледі.

25 Құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) іс-әрекетінің сипаттамасы

Жетімдерді, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Құрылымдық-функционалдық бірліктер
(ҚФБ) іс-әрекетінің сипаттамасы
N
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
1
Іс- әрекеті  (барысы,   жұмыс ағыны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ атауы
Бала құқығын қорғау бойынша маманы
Қор­ған­шы­лық және қам­қор­шы­лық Ке­ңе­сі
Қор­ған­шы­лық және қам­қор­шы­лық Ке­ңе­сі
Ба­ла құқы­ғын қор­ғау бой­ын­ша ма­ма­ны
Білім бөлімінің бастығы
Ба­ла құқы­ғын қор­ғау бой­ын­ша ма­ма­ны
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­ның ұсын­ған құ­жат­та­рын қа­был­дау және тір­кеу
Тұ­ты­ну­шы­ның тұр­ғын үй тұр­мыстық жағ­дай­ын тек­се­ру үшін тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­ру
Тұтынушы ұсынған құжаттарын отырыста қарастыру және үйлестіру
Қо­ры­тын­ды негі­зін­де қа­у­лы қо­сым­ша­сы­нан үзін­ді дай­ын­дау не қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­дың дәлел­ді жа­у­а­бы жа­са­ла­ды
Бас тар­ту­дың дәлел­ді жа­у­а­бы­на қол қою не аудан әкім­ді­гі­нің қа­у­лы қо­сым­ша­сы­нан үзін­ді­ні дай­ын­дау
Тұтынушы өзі өтінгенде нәтежие беріледі
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-әкім­гер­лік ше­шім)
Құ­жат­тар­ды қа­был­да­ға­ны жө­нін­де­гі қол­хат
Үй тұр­мыс жағ­дай­ын тек­се­ру ак­ті­сі
Қор­ған­шы­лық және қам­қор­шы­лық Ке­ңе­сі­нің қо­ры­тындысы
Қа­у­лы қо­сым­ша­сы­нан үзін­ді неме­се бас тар­ту­дың дәлел­ді жа­у­а­бы
Бас тар­ту­дың дәлел­ді жа­у­а­бы не аудан әкім­ді­гі­нің қа­у­лы қо­сым­ша­сы­нан үзін­ді
Қа­у­лы қо­сым­ша­сы­нан үзін­ді не бас тар­ту­дың дәлел­ді жа­у­а­бы ұсы­ны­ла­ды
5
Орындау мерзімдері
30 минуттан көп емес
10 жұмыс күні
10 жұмыс күні
5 жұмыс күні
5 жұмыс күні
30 минуттан көп емес
6
Келесі іс-әрекеттің N
2 баған
3 баған
4 баған
5 баған
6 баған

26 Іс-әрекеттің логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба

Жетімдерді, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Іс-әрекеттің логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның
арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба