Перейти к тексту документа

Ителгілерді шектеулі түрде алу және жек дуадақтар аулауды жүргізу туралы

Постановление · № 1414A · принят 19.09.2000
Юридическая сила: Действует · редакция от 22.10.2000
https://adilet.kz/ru/laws/doc-7012/?version=AI7012_0.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Ителгілерді шектеулі түрде алу және жек дуадақтар аулауды жүргізу туралы Действует Постановление ·№ 1414A ·19.09.2000

Ителгілерді шектеулі түрде алу және жек дуадақтар аулауды жүргізу туралы

ҚАЗИтелгілерді шектеулі түрде алу және жек дуадақтар аулауды жүргізу туралы

Действует Постановление ·№ 1414A · принят 19.09.2000

Данные из ЭКБ обновлены 05.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Ителгілерді шектеулі түрде алу және жек дуадақтар аулауды жүргізу туралы
Наименование (каз.)
Ителгілерді шектеулі түрде алу және жек дуадақтар аулауды жүргізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
1414A
Дата принятия
19.09.2000
Показанная редакция
22.10.2000 · действующая AI7012_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
22.10.2000
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
P01000414A_
Идентификатор ЭКБ
7012
Идентификатор редакции
AI7012_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
05.08.2026 00:16

0 Ителгілерді шектеулі түрде алу және жек дуадақтар аулауды жүргізу туралы

"Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 P000969_ қаулысына сәйкес және "Ителгi мен жек дуадақты табиғаттан алуға квоталар туралы биологиялық негiздемеге" 2000 жылғы 16 қыркүйектегi N 2/2527 мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы негізiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. 2000 жылдың 20 қыркүйегiнен 31 қазанына дейiн:

1 1) Сауд Арабиясы Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, Бас инспектор, ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзіз Әл Саудқа (Сауд Арабиясы Корольдігі) Алматы және Жамбыл облыстарында 10 ителгiнi (балапан құстарды) аулауға және республикадан тысқары әкетуге; <*>

2 2) өздерiнiң сұңқарларымен: Шейх Мұхаммед Бин Заидқа (БАӘ) - Алматы және Жамбыл облыстарында 100 жек дуадақты;

Шейх Сурур Бин Мұхаммедке (БАӘ) - Оңтүстiк Қазақстан облысында 100 жек дуадақты;
Шейх Халед Бин Хамад Әл Таниге (Катар) - Маңғыстау облысында 100 жек дуадақты аулауға рұқсат етiлсiн.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.23. N 1583
қаулысымен. P001583_

2 2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi:

1 1) белгiленген тәртiппен 1-тармақта көрсетiлген адамдарға ителгiлердi аулауына және оларды жек дуадақтарға салуына рұқсат берсiн;

2 2) аулау және сұңқар салу кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегі ереженiң орындалуын қамтамасыз етсiн.

3

3. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Охотзоопром ӨБ" республикалық мемлекетік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Зоология институтымен бiрлесiп, көрсетiлген Ереженiң 8-тармағында көзделген қызметтердiң оларды табиғаттан алуды жүзеге асыратын шетелдiк азаматтармен шарт негiзiнде көрсетiлуiн және ителгiлер мен жек дуадақтардың өсiмiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

4

4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп аңшылық және құс салу жүргiзiлетiн жерлерде жоғары мәртебелi қонақтар мен олардың қызметкерлерi топтарын күзетудi және бiрге ерiп жүрудi қамтамасыз етсiн.

5

5. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС-тiң әкiмшiлiк органы - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп сұңқар салуды жүргiзу үшiн жыртқыш қыран құстарды елге әкелу мен одан әкетудi Жойылу қаупi төнген жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi
түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсiмдерiн сақтай отырып,
жүзеге асырсын.
6. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының
әкiмдерi iс-шараларды ұйымдастыруда шетелдiк қонақтарға жан-жақты көмек
көрсетсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.Н.