Перейти к тексту документа

Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті кұру туралы

Иной акт · № 319 · принят 24.09.2000
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 15.02.2007
https://adilet.kz/ru/laws/doc-7510/?version=7510_562690.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті кұру туралы Утратил силу Иной акт ·№ 319 ·24.09.2000
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті кұру туралы

ҚАЗОблыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті кұру туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 319 · принят 24.09.2000

Данные из ЭКБ обновлены 05.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті кұру туралы
Наименование (каз.)
Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті кұру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
319
Дата принятия
24.09.2000
Показанная редакция
15.02.2007 · действующая 7510_562690.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
15.02.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V00L000427_
Идентификатор ЭКБ
7510
Идентификатор редакции
7510_562690
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
05.08.2026 00:16

0 Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті кұру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 15.02.2007 № 61 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 "Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" қаулысын жүзеге асыру және жергілікті мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Консультативтік-кеңесші орган ретінде облыс әкімі жанынан Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бүдан әрі - кеңес) құрылсын.

2 2. Қоса беріліп отырған кеңестің ережесі мен құрамы бекітілсін.

3 Кеңес мүшелері:

Қызылорда облысы әкімінің
2000 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 319 шешімімен бекітілген
Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің
ҚҰРАМЫ
Ерімбетов Нұрлан Кенжебекүлы - облыс әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы
-кеңес хатшысы
Кеңес мүшелері:
Әуезов Әбілда Ерғалиұлы -Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілі, облыстың бас имамы (келісім бойынша)
Виталий әкей (Ивашинин Виталий Александрович) - "Казанская Икона Божьей Матери" православие шіркеуінің настоятелі (келісім бойынша)
Жәнібеков Жұмабай - облыстық білім департаментінің бөлім меңгерушісі
Жұмабаев Асылбек Теңелұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Қазанғапов Серік Өтеуліүлы - облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары
Қожамжаров Темірболат Жанайдарұлы - облыс прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Құдайбергенов Қазыбай Құдайбергенұлы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры
Мырзабекұлы Толысбек -облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Омаров Тоқшылық - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымының кандидаты
Сағымбайүлы Кемалбек -Қазақстан халықтары облыстық Ассамблеясы атқару хатшылығының меңгерушісі

4 Қызылорда облысы әкімінің

2000 жылғы 25 қыркүйекте
N 319 шешімімен бекітілген
Қызылорда облысы әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қызылорда облысы әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, жоғарғы органдардың актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3 3. Кеңес өз қызметін облыстың мемлекеттік органдарымен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып атқарады.

4 4. Кеңес өз шешімдерін ұсынымдық сипатта шығарады.

2 2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары

5 5. Кеңестің мақсаты - облыс азаматтарының дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы діни келісімді нығайту, конфессия аралық қатынастар үйлесімі мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып саналады.

6 6. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:

1 1) облыстағы діни ахуалды және оның даму барысын жан-жақты зерттеп, әділ қорытындылар шығарып тұру, талдау жасау;

2 2) азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

3 3) облыстағы діни ахуаддың жай-күйі және дін ұстану бостандығы туралы Заңның сақталуы туралы мемлекеттік органдарды хабардар етіп тұру;

4 4) облыста тіркелген діни бірлестіктер туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;

5 5) діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен төзімділікті нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтік көмек көрсету болып табылады.

7 7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай қызметтер атқарады:

1 1) азаматтардың дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл қүқықтарын қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады;

2 2) облыс аумағында құрылған діни бірлестіктердің және шетел миссионерлерінің қызметін зерттеуді жүзеге асырады, олар туралы деректер жинастырады;

3 3) ақпараттық-насихаттық іс-шараларды жүзеге асырады;

4 4) азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік жұмысты орындайды;

5 5) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді, қажеттілігіне қарай бұл үшін тиісті мамандарды тартады;

6 6) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі

8 8. Кеңесті Қызылорда облысы әкімі орынбасарларының бірі басқарады.

9 9. Кеңестің мәжілістері үш айда кемінде бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.

10 10. Кеңес мәжілісі оның жұмысына кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, занды болып есептеледі. Кеңестің шешімдері мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдігі кезінде Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

11 11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:

1 1) мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке тұлғалардан Кеңес құзырына жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға;

2 2) облыс әкімі аппараты мен жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

3 3) заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми ұйымдарды, тәуелсіз сарапшылар мен мамандарды құжаттар әзірлеуге тартуға;

4 4) азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамасын бұзған діни бірлестіктер мен шетелдік миссионерлердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

5 5) Кеңес қүзыретіндегі мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысуға;

6 6) Кеңес құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ресми түсініктемелер беруге;

7 7) Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

4 4. Кеңестің қызметін камтамасыз ету

12 12. Кеңестің төрағасын, хатшысын және мүшелерін облыс әкімі бекітеді.

13 13. Төраға болмағанда оның функциялары Кеңес хатшысына жүктеледі.

14 14. Кеңес хатшысы Кеңес хатшылығы қызметіне басшылық жасайды.

15 15. Кеңес облыстағы жетекші конфессиялар басшылары, дінтанушы ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері қатарынан құрылады. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.

16 16. Кеңес қызметін ұйымдық-талдамалық қамтамасыз етуді оның жұмысшы органы ретінде Кеңес хатшылығы жүзеге асырады.

17 17. Кеңес хатшылығы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Кеңес қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, әдістемелік және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2 2) Кеңес мәжілісінде қабылданатын және оның төрағасын бекітетін жұмыс жоспары жөніндегі ұсыныстарды Кеңестің қарауына енгізеді;

3 3) Кеңес мәжілістерінің күн тәртібін жасайды;

4 4) Кеңес мәжілістерінің жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады, істі жүргізеді;

5 5) өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.