Перейти к тексту документа

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы

Иной акт · № 347 · принят 08.11.2000
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 14.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-7516/on/2026-08-14/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы Действует Иной акт ·№ 347 ·08.11.2000
Редакция от 08.11.2000
Редакция, действовавшая на 14.08.2026: от 08.11.2000. Это последняя редакция в корпусе.

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы

Действует Иной акт ·№ 347 · по состоянию на 14.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы
Наименование (каз.)
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
347
Дата принятия
08.11.2000
Показанная редакция
08.11.2000 · действующая 7516_295799.kaz
Последнее изменение
08.11.2000
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V00L000456_
Идентификатор ЭКБ
7516
Идентификатор редакции
7516_295799
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
05.08.2026 00:11

0 Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы 2000 жылғы 18 мамырдағы № 79-Ө өкімін орындау және облыс халқының арасында туберкулездің кең тарауын тоқтату үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев), Қызылорда қаласының әкімі (Қ.Баймаханов):

1 1) 2001 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің құрамында туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдейтін 30 төсектік бөлімше ашсын;

2 2) мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің ерекшелігіне сәйкес қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің штаттық кестесіне және қаржыландыруына өзгерістер енгізсін;

3 3) осы бөлімшені күрделі жөндеуден өткізу және күзету мәселелері бойынша қосымша қаржы бөлуді қарасын.

2 2. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов), республикалық мемлекеттік "Күзет" кәсіпорнының "Қызылорда" бөлімшесі (Ж.Досжанов):

1 1) мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің тәулік бойы күзетілуін, дабыл қағу және шұғыл байланыс жүйесі құралдарымен жабдықталуын;

2 2) науқастарды мәжбүрлеп емдеуге және медициналық куәландыру орындарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдеріне мәжбүрлеп емдеуден өткен науқастардың әлеуметтік қалыптасуына, жұмысқа орналасуына тұрақты түрде көмек көрсету тапсырылсын.

4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.

Действующая