Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақыларды белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақыларды белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақыларды белгілеу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 18
- Дата принятия
- 07.06.2006
- Показанная редакция
- 07.06.2006 · действующая 28784_151303.kaz
- Последнее изменение
- 07.06.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06KA000034
- Идентификатор ЭКБ
- 28784
- Идентификатор редакции
- 28784_151303
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:19
0 Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақыларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 491 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 15 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
1 1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақылары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы ІІІ сессиясының "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы" N 9 шешімінің, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 1364, "Индустриальная Караганда" газетінде 2004 жылғы 11 наурызында N 29, "Орталық Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 4 наурызында N 43-44 жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзін-өзі басқару, экономика, жоспарлау, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрайымы Оспанова Қадиша Базарбайқызы).
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
5 Қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 7 маусымдағы
ХХХІІІ сессиясының
N 18 шешіміне қосымша
Қарағанды қаласының аумағында сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақылар
N
Мазмұны
Айлық есеп көрсеткіштен төлемдердің пайыз түрінде берілген айлық ставкасы
1
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 1 шаршы метрге дейін (парақша, кіші плакат А1, А2, А3, А4, афиша, транспарант)
200
2
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 2,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, уақытша үлгілі киоск, көркейту элементтер, павильондарға және кіші сәулеттік нысандарға орнатылған жарық беруші таблолар)
300
3
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 2,1 бастап 5,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, уақытша үлгілі киоск, көркейту элементтер, павильондарға және кіші сәулеттік нысандарға орнатылған жарық беруші табло, автомобильдерге жанармай құю станциясының стелалары)
400
4
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 5,1 бастап 10,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, уақытша үлгілі киоск, көркейту элементтер, павильондарға және кіші сәулеттік нысандарға орнатылған жарық беруші табло, автомобильдерге жанармай құю станциясының стелалары)
600
5
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 10,1 бастап 20,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған жарық беруші табло, автомобильдерге жанармай құю станциясының стелалары, транспарант - тартпалар)
1500
6
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 20,1 бастап 75,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған жарық беруші табло, транспарант - тартпалар)
2200
7
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 75,1 бастап 100 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған жарық беруші табло, транспарант - тартпалар)
3000