Перейти к тексту документа

Ұлан ауданында жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы

Иной акт · № 182 · принят 15.04.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 27.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/i-i-i-ekb-52791/on/2026-08-27/
Напечатано 2026-08-27 · adilet.kz
Ұлан ауданында жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы Утратил силу Иной акт ·№ 182 ·15.04.2010
Редакция от 14.02.2018
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 27.08.2026: от 14.02.2018. Это последняя редакция в корпусе.

Ұлан ауданында жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 182 · по состоянию на 27.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Ұлан ауданында жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы
Наименование (каз.)
Ұлан ауданында жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
182
Дата принятия
15.04.2010
Показанная редакция
14.02.2018 · действующая 52791_297592.kaz
Последнее изменение
14.02.2018
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10VQ000130
Идентификатор ЭКБ
52791
Идентификатор редакции
52791_297592
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:28

0 Ұлан ауданында жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Кодексінің 8, 11 баптарына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Жеке тұлғалардың елді мекендердегі және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының негізгі мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері белгіленсін:

1 1) І және ІІ зоналар бойынша (Молодежный к., Таврия, Саратовка, Герасимовка, Казачье, Алмасай, Ленинка, Восточное, Бозанбай ауылдары) осы зоналарға кіретін мекендерге - 1,5;

2 2) ІІІ зона бойынша (Завидное, Ұлан ауылдары, Асубұлақ кенті) - 1,4; (Привольное, Донское) - 1,5;

3 3) ІV зона бойынша (Гагарино) - 1,4; (Украинка) - 1,5;

4 4) V зона бойынша (Жаңа Қанай, Тарғын, Жаңа Азовое) - 1,4; (Васильевка, Горняк, Каменка) - 1,5;

5 5) VI зона бойынша (Огневка, Бестерек) - 1,4; (Баяш Өтепов, Ақтөбе, Пролетарка, Жаңа Одесск, Отрадное, Макеевка) - 1,5;

6 6) VII зона бойынша (Жанұзақ, Борсақ, Ізғұтты Айтықов) - 1,4; (Митрофановка, Мирное) - 1,5;

7 7) VIII зона бойынша (Тройницкое, Алғабас, Екатериновка) - 1,5;

8 8) IX зона бойынша (Белогор кенті, Жоғарғы Тайынты) - 1,4; (Тоғанас) - 1,5;

9 9) X зона бойынша (Төменгі Тайынты, Бетқұдық, Қызылсу) - 1,4;

10 10) XI зона бойынша (Смолянка, Манат) - 1,4.

2

3 3. Бау-бақша серіктестігі жерлерінің базалық ставкаларына I - II зоналары бойынша (Молодежный, Акимовка, Васильевка, Донское) - 1,5; (Смолянка, Гусельничиха) - 1,4 түзету коэффициенттерін тағайындау.

4 4. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 383 бабына сәйкес елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларына Ұлан ауданының аумағында орналасқан I зонадан IV зонаны қоса алғанда 1,5 түзету коэффициентін тағайындау.

5

5. Ұлан аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 132 «Ұлан ауданының жер салығының негізгі мөлшерлемесін түзету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 16 қаңтарында тіркелген нөмірі 5-17-15, "Ұлан таңы" газетінің 2006 жылғы 4 ақпандағы № 7 санында жарияланды) шешімнің күші жойылсын.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Действующая