Перейти к тексту документа

Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы

Постановление · № 145 · принят 13.08.2003
Юридическая сила: Действует · редакция от 13.08.2003
https://adilet.kz/ru/laws/i-i-ii-iii-ii/?version=16889_233991.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы Действует Постановление ·№ 145 ·13.08.2003

Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы

ҚАЗКөрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы

Действует Постановление ·№ 145 · принят 13.08.2003

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы
Наименование (каз.)
Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
145
Дата принятия
13.08.2003
Показанная редакция
13.08.2003 · действующая 16889_233991.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
13.08.2003
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V03NP002468
Идентификатор ЭКБ
16889
Идентификатор редакции
16889_233991
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 21:03

0 Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекiтiлген 2001-2010 жылдары тiлдердi қолдану және дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағы 3, 17 тармақшаларына сәйкес, Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi аудандық комиссия құрылсын. Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi аудандық комиссияның құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекiтiлуге енгiзiлсiн (1 қосымша).

2 2. Қоса берiлiп отырған көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Ж. Зейнеловке жүктелсiн.

4 Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 14 тамыздағы
№ 145 қаулысына 1 қосымша
Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде
безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ
Зейнелов Қойшыбай Жұрмағамбетұлы
аудан әкiмiнiң орынбасары, төраға
Едiресов Халит Iлиясұлы
аудан әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бастығы, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Ахметова Назерке Қасымқанқызы
аудан әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бас маманы
Байтұяқов Түлкiбай Садуақасұлы
Қарамеңдi селолық округiнiң бас маманы
Вавулин Геннадий Алексеевич
аудан әкiмi аппаратының бас маман - заң кеңесшiсi
Жарылғасымов Асқар Қуанышбайұлы
аудан әкiмi аппаратының бас маман - аудармашысы
Сүйiндiков Мұрат Қалымбайұлы
аудан әкiмi аппаратының маман - сәулетшiсi

5 Қазақстан Республикасы

Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 14 тамыздағы
№ 145 қаулысына 2 қосымша
бекiтiлдi
Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде
безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ереже

1 1. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

2 2. Комиссияның құрамы аудан әкiмиятының қаулысымен құрылады және комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекiтiлуге ұсынылады.

3 3. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

4 4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру, материалдық-техникалық және әдiстемелiк қамтамасыз ету жергiлiктi атқарушы органмен жүзеге асырылады.

2 2. Негiзгi мiндеттерi

5 5. Комиссияның "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды орындау саласындағы негiзгi мiндеттерi:

1 1) аудан аумағында көрнекi ақпараттардың, маңдайша жазулардың, мәтiндердiң, стендтердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуi жөнiнде ұсынымдар даярлауды және бақылау жасауды жүзеге асыру;

2 2) өзiнiң отырыстарында көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуi мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң жетекшiлерiнiң есептерiн, хабарламаларын қарау.

3 3. Негiзгi қызметтерi мен өкiлеттiлiгi

6 6. Комиссия жүктелген мiндеттерiн шешу мақсатында:

1 1) Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiне көрнекi ақпараттардың безендiрiлуiн сәйкестендiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асырады;

2 2) көрнекiлiк ақпараттар мәселелерi бойынша ұйымдар мен жеке азаматтардың хаттарын қарайды және тиiстi ұсынымдар бередi.

4 4. Жұмысты ұйымдастыру

7 7. Комиссияның отырысында қабылданған және оның төрағасы бекiткен жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның отырысы тұрақты түрде өткiзiледi. Комиссияның мүшелерiнiң жартысынан кем емесi қатынасқан жағдайда комиссияның отырысы өткiзiлдi деп есептелiнедi.

8 8. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен оның отырысына қатынасып отырған мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.

9 9. Комиссияның құзырына кiретiн жеке мәселелердi қарау үшiн қажет болған жағдайда жұмыс топтары құрылады.

10 10. Комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртiбiн құрады, комиссия мүшелерiнiң өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады және iс қағаздарын жүргiзедi.