Перейти к тексту документа

Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы

Постановление · № 82 · принят 29.06.2003
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 28.09.2015
https://adilet.kz/ru/laws/i-ii-i-ekb-16503/?version=16503_254030.kaz
Напечатано 2026-08-28 · adilet.kz
Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы Утратил силу Постановление ·№ 82 ·29.06.2003
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы

ҚАЗАуданда жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 82 · принят 29.06.2003

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы
Наименование (каз.)
Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
82
Дата принятия
29.06.2003
Показанная редакция
28.09.2015 · действующая 16503_254030.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
28.09.2015
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
P030000784_
Идентификатор ЭКБ
16503
Идентификатор редакции
16503_254030
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 21:12

0 Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" № 2347 қаулысын орындау, халықтық және мемлекеттiк қызметкерлердiң құқықтық мәдениетi мен хабардарлығын жоғарылату мақсатында, Қазақстан Республикасыны 2001 жылғы 23 қантар "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" № 148-11 Заңын негiзге ала отырып аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қосымшаларға сәйкес құқықтық насихат пен жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру - әдiстемелiк кеңесiнің құрамы және оның ережесi бекітілсін.

2 2. Аудан әкiмi аппараты жанынан мемлекеттiк қызметкерлерге арналған құқықтық бiлiм мектебi ашылсын.

3 3. Аудан әкiмi аппаратының заңгерi (Ж. Тойшыбеков) аудандық құқық қорғау орындарымен бiрлесе отырып тыңдаушылар контингентiн белгiлеп, сабақтардың оқыту-тақырыптың жоспарын әзiрлесiн.

4 4. Аудан әкiмiнiң аппараты осы қаулыда белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей құқықтық оқу өткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.

5 5. Осы қаулымен құрылған үйлестiру - әдiстемелiк кеңесiнің дербес қурамы бекіту аудандық маслихатқа ұсынылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнің орынбасары Е. Аманбековке жүктелсiн.

7 Аудан әкiмi жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесiнiң құрамы

Аудан әкiмиятының
2003 жылғы 30 маусымдағы
"Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық
оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы"
№ 82 қаулысымен бекiтiлген
Аудан әкiмi жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесiнiң
құрамы
Аманбеков аудан әкiмiнiң орынбасары,
Естемес кеңес төрағасы
Тойшыбеков аудан әкiмi аппаратының
Жандос Мырзайымұлы заңгерi, кеңес хатшысы
Кеңес мүшелерi:
Әбдеков аудан прокуроры
Мәулен Мәмбетұлы (келiсiмi бойынша)
Нұрлықұлов аудандық сот төрағасы
Ғалымжан Қансейтұлы (келiсiмi бойынша)
Ысқақов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Рахымжан Жораханұлы (келiсiмi бойынша)
Айсенова аудан әкiмi бiлiм
Кұлшат Аймұхамедқызы басқармасының төрайымы
Байжұманов аудандық әскери комиссары
Нияз Қазақбайұлы (келiсiмi бойынша)
Құндызбекова аудандық салық
Гүлмира Дәрменқызы комитетiнiң төрайымы
(келiсiмi бойынша)
Мәтенов аудандық "Жаңа өмiр"
Мейiрбек газетiнiң бас редакторы

8 Аудан әкiмi жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы ереже

Аудан әкiмиятының
2003 жылғы 30 маусымдағы
"Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық
оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы"
№ 82 қаулысымен бекiтiлген
Аудан әкiмi жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы
ереже

1 1. Жалпы ережелер:

1

1) Аудан әкiмi жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi (бұдан әрi мәтiн бойынша Кеңес) мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң құқықтық насихат жөнiндегi жұмыстарын үйлестiрушi консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2 2) Кеңес аудан әкiмi жанынан құрылады.

3 3) Кеңес қызметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы ережеге сәйкес реттеледi.

2 2. Кеңес қызметiнiң мақсаттары мен мiндеттерi:

1 1) Кеңес қызметiнiң мақсаттары:

аудан әкiмi аппараты қызметкерлерiнiң, аудандық ұйымдар басшыларының және азаматтардың құқықтық бiлiм деңгейiн жоғарылату;
тұрғындардың құқықтық мәдениетiн жоғарылату;
мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң құқықтық тәрбие жұмыстарын үйлестiру;
еңбек қатынасында, шарт жасасу және ондағы мiндеттемелердi орындауда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелердiң заң қызметi, кадрлар бөлiмi қызметкерлерiн құқықтық оқыту.

2 2) Кеңестiң мiндеттерi:

Кәсiпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегi құқықтық тәрбие жұмысы және құқықтық насихаттың жағдайын зерделеу және олардың нәтижесi бойынша тиiстi ұсынымдар әзiрлеу;
оң тәжiрибелердi тарату, құқықтық тәрбие жұмысының әдiстемелiк құралдарын дайындау, кәсiби-құқықтық дайындық және құқықтық тәрбиенiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету.

3 3. Кеңес қызметiнiң түрлерi:

Құқықтық бiлiм "күндерiн", "он күндiгiн", "айлығын" өткiзу, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң қатысуымен оқу және еңбек ұжымдарында құқықтық тақырыпқа арналған кездесулер ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық бiлiмдi насихаттау.

4 4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру:

1 1) Кеңес құрамы аудан әкiмиятының қаулысымен үш жылға бекiтiледi. Кеңесте төраға, хатшы және мүшелер болады.

2 2) Кеңес отырысы қажетiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр реттен өткiзiледi. Кеңес отырысына оның құрамының 3-тен 2-сi қатысса құқылы деп саналады.

3 3) Мәжiлiс қорытындылары бойынша хаттама жасалады, онда қатысушылардың саны, күн тәртiбi, мәжiлiс барысы мен қабылданған шешiмдер көрсетiледi.

4 4) Кеңес осы ережемен белгiленген шектерде, өз жұмысына құқық қорғау, сондай-ақ ведомстволық қарасты кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелердiң басқа қызметкерлерiн тартуға және оларға шешiмдердiң, жоспарлы iс-шаралардың атқарылуы жөнiнде тапсырмалар беруге құқылы.

22 Аудан әкiмиятының

2003 жылғы 30 маусымдағы
"Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық
оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы"
№ 82 қаулысының
Келісілген парағы:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Ысқаков Рахымжан
Аудан прокуроры Абдеков Мәулен
Аудандық сот төрағасы Нұрлықұлов Ғалымжан
Аудандық әскери комисары Байжуманов Нияз
Аудан бойынша салық
Комитетінің төрайымы Құндызбекова Гулмира