Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған Ережелерін бекiту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған Ережелерін бекiту туралы
- Наименование (каз.)
- Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған Ережелерін бекiту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 63
- Дата принятия
- 23.04.2003
- Показанная редакция
- 24.04.2007 · действующая 15480_192079.kaz
- Последнее изменение
- 24.04.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03G000966_
- Идентификатор ЭКБ
- 15480
- Идентификатор редакции
- 15480_192079
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 21:25
0 Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған Ережелерін бекiту туралы
2003 жылдың 10 ақпанында облыстық әділет басқармасында 837 нөмірімен тіркелген Жамбыл облыстық мәслихатының 2003 жылғы 31 қаңтардағы "2003 жылға арналған облыстық бюджет және 2001 жылғы облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы" N 17-4 шешiмiн, және облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 13 қаңтарда 809 нөмірімен тіркелген "Жамбыл облысында кедейшiлiктi төмендету бойынша 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны" жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған Ережелері (ары қарай - Ережелер) бекiтiлсiн.
2 2. Облыс Әкiмiнiң еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (А.Т.Тұрашев) осы Ережелерге сай Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етсiн.
3 3. Облыс Әкiмiнiң қаржы басқармасы (Б. Аманбеков) осы мақсатқа көзделген қаражаттың уақтылы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсiн.
5 Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған ЕРЕЖЕЛЕР
Облыс әкiмиятының 2003 жылғы
24 сәуірдегі "Жамбыл облысынан
медициналық көрсеткiштер бойынша
емделуге және консультация алуға
жiберiлген науқастардың Қазақстан
Республикасы iшiндегi жол кiресiн
төлеу және аз қамтылған көмекке зәру
азаматтарға бір жолғы материалдық
көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға
арналған Ережелерін бекiту туралы"
N 63 қаулысымен бекiтiлген
Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған
ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Ережелер 2003 жылдың 10 ақпанында облыстың әділет басқармасында 837 нөмірмен тіркелген Жамбыл облыстық мәслихатының 2003 жылғы 31 қаңтардағы "2003 жылға арналған облыстық бюджет және 2001 жылғы облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы" N 17-4 шешiмiне сай және облыстың әділет басқармасында 2003 жылғы 13 қаңтарда 809 нөмірмен тіркелген "Жамбыл облысында кедейшiлiктi төмендету бойынша 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны" жүзеге асыру мақсатында жасалған.
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Науқастардың және оларды алып жүрушiлердiң жол кiресi мен аз қамтылған азаматтарға бір жолғы материалдық көмекті, облыстық бюджет қаражаты есебiнен "Жергiлiктi өкiлеттi ұйымдардың шешiмдерiмен азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтiк төлемақы" 2585100332-шi бағдарламасына сай Жамбыл облысы Әкiмiнiң еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (әрi қарай уәкiлеттi орган) төлейдi.