Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы
ҚАЗҚылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы
- Наименование (каз.)
- Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 114
- Дата принятия
- 15.06.2003
- Показанная редакция
- 15.06.2003 · действующая 16185_233913.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 15.06.2003
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03NP002350
- Идентификатор ЭКБ
- 16185
- Идентификатор редакции
- 16185_233913
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 21:15
0 Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi № 267 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi № 377 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру шаралары туралы" Жарлығын жүзеге асыру, ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiрудi жақсарту мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағы 17 тармақшасына сәйкес, Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Аудан әкiмiнiң жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес құрылсын.
2 2. Қоса берiлiп отырған аудан әкiмiнiң жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы Ереже бекiтiлсiн.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылауды өзiме қалдырамын.
4 Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 16 маусымдағы
№ 114 қаулысымен бекiтiлген
Аудан әкiмiнiң жанындағы қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) аудан әкiмi жанындағы ақыл кеңес органы болып табылады, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру мәселелерiнде ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi мемлекеттiк органдарының қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз етедi.