Қызылорда облысының бiлiм және мәдениет ұйымдарына есiмдер беру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қызылорда облысының бiлiм және мәдениет ұйымдарына есiмдер беру туралы
- Наименование (каз.)
- Қызылорда облысының бiлiм және мәдениет ұйымдарына есiмдер беру туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 89
- Дата принятия
- 17.05.2002
- Показанная редакция
- 17.05.2002 · действующая 12629_295421.kaz
- Последнее изменение
- 17.05.2002
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V02L0002183
- Идентификатор ЭКБ
- 12629
- Идентификатор редакции
- 12629_295421
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 23:02
0 Қызылорда облысының бiлiм және мәдениет ұйымдарына есiмдер беру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына және P960281_ "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1 1. Қызылорда қаласының әкiмияты мен мәслихатының және облыстық ономастика комиссиясының:
облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа белгiлi қолбасшы және мемлекет қайраткерi Жалаңтөс Бахадүр Сейтқұлұлының;
Қызылорда аграрлық-техникалық колледжiне қоғам қайраткерi Исатай Әбдiкәрiмовтiң;
Қызылорда музыкалық колледжiне күй өнерiнiң көрнектi өкiлi Қазанғап Тiлепбергенұлының есiмдерiн беру туралы ұсыныстары мақұлдансын;
2 2. Жалағаш ауданының әкiмияты мен мәслихатының және облыстық ономастика комиссиясының Жалағаш аудандық мәдениет үйiне Қонысбек Қазантаевтың есiмiн беру туралы ұсыныстары мақұлдансын;
3 3. Сырдария ауданының әкiмияты мен мәслихатының және облыстық
ономастика комиссиясының Сырдария аудандық мәдениет үйiне Құрақтың
Досжанының, аудандық әуез мектебiне Сламбек Ысқақовтың есiмдерiн беру
туралы ұсыныстары мақұлдансын.