Перейти к тексту документа

«Табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi Қызылорда облыстық мекемесi» мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Постановление · № 217 · принят 11.04.2002
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 11.04.2002
https://adilet.kz/ru/laws/ii-i-i-i-ekb-12010/?version=12010_290834.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
«Табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi Қызылорда облыстық мекемесi» мемлекеттiк мекемесiн құру туралы Утратил силу Постановление ·№ 217 ·11.04.2002
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

«Табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi Қызылорда облыстық мекемесi» мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

ҚАЗ«Табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi Қызылорда облыстық мекемесi» мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 217 · принят 11.04.2002

Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
«Табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi Қызылорда облыстық мекемесi» мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Наименование (каз.)
«Табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi Қызылорда облыстық мекемесi» мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
217
Дата принятия
11.04.2002
Показанная редакция
11.04.2002 · действующая 12010_290834.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
11.04.2002
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V02L0001857
Идентификатор ЭКБ
12010
Идентификатор редакции
12010_290834
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 23:10

0 Облысты сумен қамтамасыз етудегі «Су - жер нәрі» бағдарламасының орындалу барысы туралы

«Су - жер нәрі» бағдарламасын іске асыру барысында Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, облыстық коммуналдық мемлекеттік «Қызылордасушаруашылығы» кәсіпорны ұйымдастыру-шаруашылық шараларын қабылдап, бірқатар жұмыстар атқарды. Бағдарламаны су пайдаланушы кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы су шаруашылығы серіктестіктері арасында насихаттау мақсатында семинар-кеңестер ұйымдастырылып, өткізілді. Аудандарда су пайдаланушыларға су жеткізіп беруші серіктестіктер құрылды.
Бағдарламаға сәйкес су шаруашылығын дамытуға 2001 жылы облыс бюджетінен 47,7 млн. теңге қаржы бөлініп, белгіленген мақсаттарға жұмсалды.
Сонымен қатар «Су - жер нәрі» бағдарламасын іске асыру барысында бірқатар кемшіліктерге жол берілді.
Су пайдаланушыларынан су жеткізіп беру өшін төлемақы толық көлемде жиналмай, шаруашылықаралық каналдарды тазалауда белгіленген жер жұмыстары орындалмады. Су пайдаланушылар мен жеткізіп беруші кәсіпорындар арасында нарықтық қатынастар дамытылмады.
«Су - жер нәрі» бағдарламасын іске асыруда облыстық мемлекеттік коммуналдық «Қызылордасушаруашылығы» кәсіпорны тарапынан тиісті жұмыстар жете ұйымдастырылмай, бұл жұмысқа табанды басшылық жасалмады.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері «Су - жер нәрі» бағдарламасын іске асырудағы жұмыстарын өз дәрежесінде жөргізуді ұйымдастырмады. «Су - жер нәрі» бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облысты сумен қамтамасыз етудегі «Су - жер нәрі» бағдарламасының орындалу барысы туралы облыстық коммуналдық мемлекеттік «Қызылордасушаруашылығы» кәсіпорынының директоры Ә. Құтжановтың хабарламасы қаперге алынсын.

«Су - жер нәрі» бағдарламасын іске асыруда және ауылшаруашылық құрылымдарынан пайдаланған су көлемі өшін төлемақыны жинауда жіберілген кемшіліктері өшін облыс әкімі облыстық мемлекеттік коммуналдық «Қызылордасушаруашылығы» кәсіпорынның директоры Ә. Құтжановтың тәртіптік жауапкершілігін қарасын.

2 2. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің «Су - жер нәрі» бағдарламасын іске асырудағы ұйымдастырған жұмыстары жеткіліксіз деп танылып, оларға аталған кемшіліктерді жою жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылсын.

3

3. Облыстық экономика басқармасына (Б. Шаменова), табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі облыстық департаментіне (Н. Пірімов), облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (Қ. Ахметов) және облыстық коммуналдық мемлекеттік «Қызылордасушаруашылығы» кәсіпорнына (Ә. Құтжанов) «Су - жер нәрі» бағдарламасын одан әрі дамыту жөнінде 2002 жылдың 20 сәуіріне ұсыныстар беру тапсырылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуы жөнінде Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық коммуналдық мемлекеттік «Қызылордасушаруашылығы» кәсіпорны (Ә. Құтжанов), облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (Қ. Ахметов), облыстық экономика басқармасына (Б. Шаменова) 2002 жылдың 10 шілдесіне ақпарат берсін.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Нұртазаевқа жүктелсін.