Облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы
ҚАЗОблыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы
Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы
- Наименование (каз.)
- Облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 194
- Дата принятия
- 03.07.2002
- Показанная редакция
- 18.10.2006 · действующая 12824_208897.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 18.10.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V02T0001066
- Идентификатор ЭКБ
- 12824
- Идентификатор редакции
- 12824_208897
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 22:57
0 Облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы
ҚР Атырау облысы Әділет департаментінің
2006 жылғы 18 қазан 3-3333/06 хатынан
үзінді:
Атырау облыстық Әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы өділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
қосымша 2 бетте.
АОӘД бастығы
қосымша:
...
2) Атырау облыстық әкімиятының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 194
"Облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы" қаулысы (Атырау облыстық Әділет департаментінде 2002 жылғы 24 шілдеде N 1066 тіркелді)
...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 31 қазандағы N№1641 Қаулысын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының "Күзет қызметi туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес және қылмыстың алдын алу, құқық тәртiбi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Облыстық әкiмшілiктiң жанынан облыстық iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi
үйлестiру Кеңесi құрылсын (бұдан әрi - Кеңес).
2 2. Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн (тiркеледi).
3 3. Кеңестiң жұмысшы органы болып облыстық iшкi iстер басқармасының
мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмi белгiленсiн.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
5 Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 4 шiлдедегi
№194 қаулысымен бекiтiлген
Облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi
субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз
ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы Ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Облыс әкiмияты жанындағы облыс iшкi iстер органдарының күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) облыс көлемiнде күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимылды ұйымдастыру және үйлестiрудi қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген мiндеттердi орындауға жәрдемдесетiн кеңесшi, тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
2 2. Кеңес облыстық әкiмияттың қаулысымен құрылады, қайта құрылады және таратылады, ал Кеңестiң жеке құрамын облыс әкiмiнiң ұсынысы бойынша Атырау облыстық мәслихаты бекiтедi.
Кеңестiң жұмысына ұйымдық және әдiстемелiк көмектi Қазақстан
Республикасының iшкi iстер Министрлiгi, тiкелей көмектi - Атырау облыстық iшкi iстер басқармасы көрсетедi.
3 3. Кеңестiң төрағасы облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады.
4
4. Кеңестiң мүшелiгiне облыстық iшкi iстер басқармасының криминалдық полиция басқармасының, қоғамдық қауiпсiздiк басқармасының, мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмiнiң басшы құрамы, мемлекеттiк емес күзет қызметтерiнiң басшылары және күзетшiлердi даярлау және қайта даярлау жөнiндегi оқу орталықтары, облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмiнiң бас маманы кiредi.
5 5. Кеңестiң қызметi оның отырыстарында бекiтiлетiн жоспарлар негiзiнде жүргiзiледi.
Кеңес күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру және олардың аумақтық iшкi iстер органдарымен өзара iс-қимыл тәртiбiн және тиiмдi түрлерiн таңдауда және жоспарлауды ұйымдастыруда дербес болып табылады.