Перейти к тексту документа

Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне ұлттық-мәдени орталықтар қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы Ереженi бекiту туралы

Положение · № 97 · принят 28.04.2003
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/ii-i-iii-i-i/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне ұлттық-мәдени орталықтар қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы Ереженi бекiту туралы Утратил силу Положение ·№ 97 ·28.04.2003
Редакция от 24.04.2007
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 24.04.2007. Это последняя редакция в корпусе.

Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне ұлттық-мәдени орталықтар қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы Ереженi бекiту туралы

Утратил силу Положение ·№ 97 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне ұлттық-мәдени орталықтар қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы Ереженi бекiту туралы
Наименование (каз.)
Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне ұлттық-мәдени орталықтар қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы Ереженi бекiту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
97
Дата принятия
28.04.2003
Показанная редакция
24.04.2007 · действующая 15655_192061.kaz
Последнее изменение
24.04.2007
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V03G000974_
Идентификатор ЭКБ
15655
Идентификатор редакции
15655_192061
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 21:25

0 Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне ұлттық-мәдени орталықтар қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы Ереженi бекiту туралы

Облыстағы ұлттық-мәдени орталықтардың, қоғамдар мен қауымдастықтардың қызметін, ұлтаралық келісімді нығайту, қоғамды біріктіру, облыста тұратын халықтардың мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін, салттарын, тілдерін насихаттау және дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясының Стратегиясы және Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы Ереже туралы" N 856 Жарлығына сәйкес және Казақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. 2003 жылы ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына берілетін облыс Әкімінің гранттары тағайындалсын. Бұл үшін облыс Әкімінің резервінен 400,0 мың (төрт жүз мың) тенге бөлінсін.

2 2. Ұсынылап отырған Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының мүшелеріне - ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына берілетін облыс Әкімінің гранттары туралы Ереже бекітілсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К.М. Демешке жүктелсін.

4 Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне - ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы ЕРЕЖЕ

Жамбыл облысы Әкiмiнiң
2003 жылғы 29 сәуiрдегі
"Қазақстан халықтары кiшi
Ассамблеясының мүшелерiне -
ұлттық-мәдени орталықтар
қоғамдар мен қауымдастықтар
басшыларына облыс Әкiмiнiң
гранттарын беру туралы Ереженi
бекiту туралы" N 97 шешiмiмен
бекiтiлген
Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне -
ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы
ЕРЕЖЕ

1

1. Облыс Әкiмiнiң гранттары ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға, қоғамды бiрiктiруге және мәдениеттi дамытуға, ұлттық дәстүрлердi, салттарды насихаттауға, тiлдердi дамытуға қомақты үлес қосып отырған, облыста өткiзiлетiн қоғамдық-саяси және мәдени iс-шараларға белсендi қатысатын Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне - ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына берiледi.

2 2. Гранттар жылына бiр рет Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясы хатшылығының қолдаухаты негiзiнде берiледi. Олардың санын және ақшалай көлемiн кiшi Ассамблея төрағасы белгiлейдi.

3 3. Талапкер үшiн келесi құжаттар тапсырылады:

- ұлтаралық келiсiмдi сақтау, мәдениеттi, ұлттық дәстүрлер мен салттарды, тiлдердi дамыту мәселелерi бойынша нақты қызметтi бейнелейтiн ұсыныс-мiнездеме;
- талапкердi ұсынып отырған қоғамдық бiрлестiктiң басқару органының шешiмi;
- талапкермен толтырылған кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке басының iс-қағазы;
- талапкердi ұсынып отырған қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу туралы облыстың әдiлет басқармасы берген куәлiк.

4 4. Талапкердi ұсыну құқығына облыс аумағында тұрақты iс-әрекет жасайтын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық саясатын белсендi қолдайтын және жүргiзетiн ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар ие.

5 5. Грант иелерiне белгiленген үлгiдегi куәлiктер берiледi.

6 6. Ақшалай төлемдер жылына бiр рет Қазақстан Халықтарының бiрлiгi күнiне қарай берiледi.

7 7. Талапкердiң гранттарды берудiң негiзгi принциптерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерi мен қылықтары Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясы Хатшылығының ұсынысы бойынша ақшалай төлемдердi мерзiмiнен бұрын тоқтату және бұрын берiлген куәлiктi керi алу туралы шешiм қабылдауға негiз болады.

Ақшалай төлемдердi мерзiмiнен бұрын тоқтату сондай-ақ ұлттық-мәдени бiрлестiктiң басшысын Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының құрамынан шығару немесе оны грантты беру мерзiмi аяқталғанға дейiн қайта сайлау кезiнде мүмкiн.

Действующая