Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы
ҚАЗҚызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы
Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы
- Наименование (каз.)
- Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 223
- Дата принятия
- 02.05.2002
- Показанная редакция
- 02.05.2002 · действующая 12373_295527.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 02.05.2002
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V02L0002023
- Идентификатор ЭКБ
- 12373
- Идентификатор редакции
- 12373_295527
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 23:04
0 Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 және «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi № 470 қаулысын iске асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлген Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн (бұдан әрi - Қызылорда облысының жоспары).
2 2. Облыстық басқармалар мен ведомстволар басшылары, аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi Қызылорда облысының жоспарында айқындалған iс-шаралардың толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3
3. Облыстық басқармалар мен ведомстволар екi апта мерзiмiнде жетекшiлiк ететiн облыс әкiмiнiң орынбасарымен келiсiм бойынша облыстық басқарманың (ведомствоның) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - облыстық басқарма (ведомство) жоспары әзiрлеп, бекiтсiн.
4 4. Аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi екi апта мерзiмде тиiсiнше аудан, Қызылорда қаласының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жоспарын (бұдан әрi - Аудан (қала) жоспары) әзiрлеп, бекiтсiн.
5 5. Аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық басқармалар мен ведомстволар:
он күн мерзiмде бекiтiлген iс-шаралар жоспарларын облыс әкiмi аппаратына және облыстық экономика басқармасына жiберсiн;
облыстық экономика басқармасына тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей:
1 1) <*>
2 2) Қызылорда облысы, облыстық басқарма (ведомство), аудан (қала) жоспарларының орындалу негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру барысы туралы талдамалы ақпарат тапсырсын.
📌 Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - Қызылорда облыстық әкімиятының 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 409 қаулысымен.
6 6. Облыс әкiмiнiң орынбасарлары тоқсан сайын мiндеттерiнiң бөлiнiсiне сәйкес облыстық басқармалар (ведомстволар) басшыларының тиiстi басқармалардың (ведомстволардың) жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратын тыңдасын.
7 7. Мыналар белгiленсiн:
1
1) Қызылорда қаласы және аудан әкімдері атқарушылар болып табылатын аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық басқармалар мен ведомстволар жылына екi рет, 1 маусымға және 1 желтоқсанға, облыстық экономика басқармасына Қызылорда облысының жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар туралы ұсыныстар енгiзе алады;
2 2) облыстық экономика басқармасы Қызылорда облысының жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы облыс әкiмдiгiне жыл сайын, 25 маусымда және 25 желтоқсанда тиiстi қаулы жобаларын ұсынады;
3 3) аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық басқармалар мен ведомстволар Қызылорда облысының жоспарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар негiзiнде өз жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады. <*>
📌 Ескерту. 7-тармақ өзгертілді - Қызылорда облыстық әкімиятының 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 409 қаулысымен.