Перейти к тексту документа

Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы

Постановление · № 218 · принят 14.04.2002
Юридическая сила: Действует · редакция от 14.04.2002
https://adilet.kz/ru/laws/iii-i-i-i/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы Действует Постановление ·№ 218 ·14.04.2002

Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы

ҚАЗТағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы

Действует Постановление ·№ 218 · принят 14.04.2002

Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы
Наименование (каз.)
Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
218
Дата принятия
14.04.2002
Показанная редакция
14.04.2002 · действующая 12197_291275.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
14.04.2002
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V02L0001892
Идентификатор ЭКБ
12197
Идентификатор редакции
12197_291275
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 23:09

0 Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы» 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 жарлығын және облыстық Денсаулық жылын өткiзу жайындағы iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Облыста 2002 жылдың 20 сәуiрi мен 20 мамыр аралығында тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi жазғы маусымға дайындығына байқау айлығы өткiзiлсiн.

2

2. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы (Е. Қуандықов), облыстық сауда және мемлекеттiк сатып алу басқармасы (Е. Мұстафаев ), Қызылорда облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау басқармасы (А. Бапалақов), (келiсiм бойынша) облыстық ауылшаруашылық басқармасымен (К. Ахметов) бiрлесе отырып тағам өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтандыру орындары , сауда мекемелерi және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына тексеру жүргiзсiн.

3 3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкiмдерiне:

1 1) азық-түлiк базарларын тиiстi санитарлық-техникалық жағдайға келтiру жөнiндегi қажеттi шараларды ұйымдастырсын;

2 2) белгiленбеген сауда орындарын жою жоспар - кестесiн әзiрлесiн және бекiтсiн;

3 3) iстен шыққан су құбырларын қалпына келтiру, су құбыры жүйелерi мен құрылыстарының жөндеуiн, жуу залалсыздандыру, су құбыры мен кәрiз жүйелерiндегi апаттарды дер кезiнде жою бойынша шаралар қабылдасын.

4 4. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Х. Досқалиев) белгiленбеген жерлерде азық-түлiк өнiмдерiнiң саудасын жою жөнiнде шаралар көрсiн.

5 5. Облыстық сауда және мемлекеттiк сатып алу басқармасы (Е. Мұстафаев) азық-түлiк базарларын толық паспорттауын жүргiзсiн.

6 6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы(Д. Дәулетбаев):

1 1) емдеу мекемелерiндегi асханаларды көктемгi-жазғы мерзiмдегi жұмысқа дайындауын жүргiзсiн;

2 2) iстеп жатқан балалар сүт асханаларының жұмысын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдасын және жаңа балалар сүт асханаларын ашуды қолға алсын.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Н. Ерiмбетовке жүктелсiн.